Fake News

Фейк: «Вакцинация салдарынан Австралияда артық өлім 5162%-ға өсті»

Telegram-да Австралияда жаппай егу науқаны артық өлім-жітім деңгейінің күрт өсуіне әкелді деген ақпарат тарады. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 5162%-ға өскен екен. Бұл рас па? Тексерейік.

2022 жылы Австралияда артық өлім-жітім көрсеткіштері рекордтық деңгейге жеткені рас. Бұл туралы SBS News сияқты елдің жетекші жаңалықтар порталдары хабарлады. Хабарламаларға сәйкес, 2022 жылы Австралияда болжанғаннан 20 мыңға көп адам қайтыс болды. Бұл орташа көрсеткіштен 12% артық.
Алайда, беделді дереккөздердегі осы тақырыптағы бірде-бір хабарламада артық өлімнің күрт өсуіне вакцинация себеп болды деп айтылмаған.
Мақалаларда өлім жағдайларының жартысынан көбі COVID-19 салдарынан болған деп жазылған. Сондай-ақ үш мыңнан астам өлім туралы куәлікте COVID-19 өлімге әкелген қосымша фактор ретінде көрсетілген. Қалған жағдайлар COVID-19-бен байланысты емес, бірақ олар вакциналардан болды деп санауға негіз жоқ.
The Guardian порталының атап өтуінше, пайыздық ара қатынаста қайтыс болғандардың көп бөлігі егде жастағы және ілеспе аурулары бар адамдар болған.
Бұл деректі артық өлімнің басым бөлігі ауруға қарсы вакциналардан емес, COVID-19 салдарынан болғанымен расталады.
Демек, таралған ақпарат – фейк. Біріншіден, Австралияда артық өлім-жітім 2022 жылы 5162% емес, 12%-ға артты. Екіншіден, бұл көрсеткіштің өсуі COVID-19 қарсы вакцинациясымен байланысты емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button