Тарих

Конспирология: «Бұрын Жер бетінде «Аватар» фильміндегідей алыптар өмір сүрген»

Танымал Telegram чаттарында Жерде бұрын «Аватар» фильмінде көрсетілгендей алыптар мекен еткені туралы теория тарады. Бұған дәлел ретінде бойы екі адамның бойындай алып қаңқаның суреті ұсынылуда. Бұл не? Анықтайық.

Желіде бұл сурет көбінесе Невада штатындағы Лавлок үңгірінен қаңқа табылды деген ақпаратпен тараған. Бұл қызыл шашты алып-каннибалдар тайпасының мүшесі Си-Те-Кахтың сүйек қалдықтары еке.
Мұндай үңгір де, онымен аттас ежелгі америкалық тайпа бар. Таралған хабарламада бұдан басқа шынайы ақпарат жоқ. Ретімен бастайық.
Лавлок үңгірі жайлы адамдар ғасырдан астам уақыт бойы белгілі. Ондағы алғашқы жұмыстар 1911 жылы жүргізіле бастады. Ол кезде өсімдіктерге тыңайтқыш ретінде, сондай-ақ мылтық пен тротил өндірісінде қолданылатын жарқанаттар мен теңіз құстарының ыдыраған қалдықтары – гуано кені өндірілген.
Гуаноны сатушылар үңгірден ежелгі артефактілерді табады. Алайда, ол кезде олар археологиялық олжаларға қызығушылық танытпайды. 1912 жылы табылған заттар туралы Калифорния университетіне хабарланды. Бұл жерге антрополог Ллевеллин Л. Лауд жіберілді. Ол үңгірдің ішін 17 жыл бойы зерттеді. Сол жерден табылған адамдардың қалдықтарын сипаттаған, бірақ олар алып болмаған.
Кейіннен 1970 жылдардың басына дейін үңгірде белсенді қазба жұмыстары жүргізілді. Оларды әртүрлі университеттердің ғалымдар топтары басқарды. Олардың есептерінде алыптар туралы айтылмайды.
Суретте көрсетілген үлкен қаңқа қайдан пайда болды? Оны кім тапты? Оның шынайылығы дәлелденген бе? Бұл сұрақтарға жауап жоқ.
Демек, оны шынайы деп санап, Жер бетінде бойы үш метрден асатын адамдар болған дегенге сену негізсіз. Есесіне, мұндай көлемді қаңқа біреу ғана «табылған». Ал бойы әдеттегідей ежелгі адамдардың сүйектері көп анықталды.
Мұның бәрі Жер бетінде алып адамдардың болмағанын дәлелдейді. Мұндай теориялар дәлелденбеген және оларды конспирологтар таратады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button