Фейк: «Еуропада вакциналардың жанама әсерлерінен артық өлім көрсеткіші артты»
Тelegram чаттарында 2023 жылдың басында Еуропада артық өлім көрсеткіші жоғары болғандығы туралы айтылған жаңалықтар сюжетінің үзіндісін тарады. Бұл америкалық және еуропалық COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлеріне байланысты болған екен. Мұның бәрі жалған.
Біріншіден, әлемнің әртүрлі елдерінде артық өлім-жітім көрсеткіштері бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл көрсеткіштің өсуі тұтастай Еуропада байқалады деп айтуға болмайды. Мәселен, Шотландияда 2023 жылғы ақпанда артық өлім-жітім көрсеткішінің рекордтық төмен деңгейі тіркелді. Нидерландта 2023 жылы қаңтардың соңында артық өлім байқалмаған.
Сонымен қатар Германияда өлім-жітімнің жалпы көрсеткіші 2019-2022 жылдар аралығындағы орташа көрсеткіштен 13%-ға жоғары. Германияның Федералды статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, бұл COVID-19-дың тағы да өршуіне және маусымдық тұмауға байланысты боғлан. Ведомствоның сайтында артық өлім жағдайында вакциналар туралы айтылмайды.
Сондай-ақ артық өлім-жітім вакцинацияның жанама әсерлерінен туындағаны туралы теориялар шындыққа жанаспайды. Оларды фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.
Мысалы, 2023 жылдың қаңтар айының соңында Health Feedback медициналық порталы Еуропада 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың артық өлімі COVID-19-мен байланысты емес, демек, оған вакциналар себеп болмайды деген пікірді жоққа шығарған материал жариялады. Шын мәнінде Еуропада балалар арасында артық өлім-жітім мүлдем тіркелмеген.
Осы сияқты мақала USA Today порталында да шықты. Онда COVID-19 қарсы вакциналардан 118 мың адам көз жұмды деген пікір жоққа шығарылды.
Сондай-ақ таратылған видеода Еуропа елдерінде AstraZeneca вакцинасына тыйым салынғаны туралы айтылады. Бұл манипуляция. Біріншіден, препаратқа тыйым салынбаған. Оны қолдану уақытша тоқтатылды және кейбір жағдайларда кейінірек қайта басталды. Екіншіден, вакцина 170-тен астам елде сәтті қолданылды. Жалпы алғанда, адамдар бұл препараттың екі миллиардтан астам дозасын алды. Яғни, бұл вакцинаны бірқатар мемлекеттерде қолдануды уақытша тоқтату оның нашар, тиімсіз екенін және оны барлық жерде қолдану тоқтатылғанын білдірмейді.
Сюжетте АҚШ-та ірі фармацевтикалық компаниялар көбірек пайда табуы үшін адамдарды вакцинаның сегіз дозасын алуға шақыратыны туралы айтылады. Бұл жалған. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтында вакцинаның бір бустерлік дозасы жеткілікті екендігі жазылған.
Қорыта айтқанда, таралған ролик көрермендерді шатастырады және онда жалған ақпарат ұсынылған.