Тарих

Фейк: «Кавказ тұтқыны» – бұл 1930 жылдардағы америкалық фильмнің ремейкі»

Желіде «Кавказ тұтқыны» комедиясы 1930 жылдары шыққан америкалық фильмнің ремейкі деген ақпарат тарады. Бұған дәлел ретінде пайдаланушылар комедиядағы актерлер киген костюмдерге ұқсас киімдегі үш актердің суретін ұсынады. Бұл нені білдіреді? Түсіндірейік.


Ақ-қара суретте «Алаяқтың әні» фильмінің түсіріліміндегі актерлер Оливер Харди, Стэн Лорел және Лоуренс Тиббетт бейнеленген. Костюмдер мен оқиға орын алған жерден басқа, бұл суреттің «Кавказ тұтқыны» фильмімен ортақ белгісі жоқ.
«Алаяқтың әні» – комедия емес, махаббат драмасы әрі мюзикл. Сюжет бойынша оқиға 1910 жылдары патшалық Ресейде өрбиді. Қарақшы Егор таулы қонақүйлердің бірінде ханшайым Вераны кездестіріп, оған ғашық болып қалады. Арудың да оған сезімі болады, бірақ қарақшы Егор әпкесін зорлап, оны өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеген Вераның ағасын өлтіргеннен кейін екеуінің қарым-қатынасы бұзылады. Кейін қарақшы Вераны ұрлап кетеді, ару бірер уақыт қарақшылармен бірге тұрады, дегенмен, қашып кетудің амалын табады.
Гайдайдың «Кавказ тұтқыны» фильмінің сюжеті көңілсіздеу. Фильмнің басты кейіпкері – студент Шурик фольклор туындылар жинау үшін Кавказға барады. Онда Нина есімді қызбен танысып, оған ғашық болады. Бірақ оған функционер Саахов көз салған екен, ол кездесуге уақыт жұмсамайды, оны жай алып қашып, үйленбек болады. Ол бұл үшін үш қарақшыны жалдайды. Олар Нинаны құрығына түсіре алмай ұзақ жүріп, бұған студент Шурикті тартуға бел убады. Олар оған қалыңдық ұрлау рәсіміне қатысуды ұсынады, бірақ «қалыңдықтың» өзі бұған келісім бермегенін айтпайды. Шурик қулықты байқамай, көмектесуге келіседі. Ол істің мән-жайын кеш түсінеді. Студент Нинаға көмектесуге асығады, оны тұтқыннан шығарып алады, ал Саахов темір торға қамалды.
Бұл фильмдердің бір-біріне ұқсамайтыны анық. Олардың жанры да, сюжеті де өзгеше.
Демек, «Кавказ тұтқыны» фильмін 1930 жылдардағы америкалық туындының ремейкі деп санауға болмайды.
Олай босла, таралған ақпарат жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button