Фейк: «Дәрі-дәрмек» сөзі сепеди тілінен аударғанда «олар мені өлтіреді» дегенді білдіреді
Желіде тараған видеода латын тілінде жазылған «дәрі-дәрмек» сөзін әлемнің әртүрлі тілдеріне аударады. Сепеди тілінен аударғанда бұл сөзді екіге бөліп қарағанда, «олар мені өлтіреді» дегенді білдіреді кен. Бұл шындыққа жанаспайды.
«Дәрі-дәрмек» сөзі орыс тіліне шамамен XV ғасырда неміс тілінен енген. Онда Medikament термині ертерек пайда болды және medicamentum латын сөзінен шыққан. Латын тілінде medicamentum сөзі medicus сөзінен шыққан, ол «емдік, шипагер» дегенді білдіреді. Өз кезегінде, medicus – mederi– «емдеу, айықтыру» сөзінен шыққан туынды сөз. Бұл сөздердің барлығында Med – «өлшеу» деген мағынаны беретін ортақ үндіеуропалық түбір бар.
Яғни, «дәрі-дәрмек» терминінің «кісі өлтіру» сөзіне немесе оның синонимдеріне ешқандай қатысы жоқ.
Сепеди немесе Солтүстік Сото – бұл Оңтүстік Африка Республикасының ресми тілдерінің бірі. Егер таратылған роликтің авторлары сияқты «me dikament» тіркесін осы тілге аударсақ, онда «менің пікірлерім» деген сөз шығады.
Сепеди тілінде «олар мені өлтіреді» деген сөз «ba tla mpolaya» деп жазылады және оның «дәрі» сөзіне ешқандай қатысы жоқ.
Сондай-ақ роликте «дәрі» сөзінің басқа да аудармасы бар. Егер оны үшке бөлсек, онда хинди тілінен аударғанда «олар бізге өтірік айтады» деген сөз шығады. Шын мәнінде, бұл сөз тіркесін Google Translate сервисінде орыс тіліне аударған кезде «декаментте» деген сөз шығады.
Демек, таралған хабарлама – фейк. «Дәрі-дәрмек» терминінің этимологиясы «өлтіру» немесе «өтірік айту» сөздерімен байланысты емес.