Fake News

Манипуляция: «Оңтүстік Дакотада цифрлық валюта туралы заңға вето қойылды»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатының губернаторы Кристи Ноэм орталық банктің цифрлық валюта туралы заңына вето қойғаны туралы жазды. Бұл шындыққа жанаспайды.

Орталық банктің сандық валютасы немесе CBDC – бұл қастандық теориясын жақтаушылар қолданатын сүйікті «қорқыту» шаралардың бірі. Олардың пікірінше, мұндай валютаны енгізу мемлекет тарапынан адамдардың қаржысын толық бақылауға алып келеді. Бұл жағдайда конспирологтар CBDC тұжырымдамасын дұрыс түсінбейді. Олардың ойынша, бұл біртұтас әлемдік цифрлық валюта. Айта кетейік, қазақстандықтар 2023 жылдың наурыз айында әлем CBDC-ге көшеді деп мәлімдеген. Алайда, олай болмай шықты.

Дәлелсіз: «2023 жылдың наурыз айында әлем бірыңғай цифрлық валютаға көшеді»

Сонымен қатар CBDC бірыңғай цифрлық валюта емес екенін естен шығармаған жөн. Бұл кез келген елдің орталық банкі иелік ететін цифрлық валютаның жалпы атауы. Қазақстанда СBDC-ге мысал ретінде «цифрлық теңгені» келтіруге болады. Бұл жобамен қазір еліміздің Ұлттық банкі айналысуда.
Бүгінгі күні АҚШ-та орталық банкке тиесілі цифрлық ақша жоқ. Елдің Федералды резерв сайтында долларлық банкноттар мен монеталар орталық банктің көпшілікке қол жетімді жалғыз ақшалай қаражаты екендігі жазылған.
АҚШ-та CBDC туралы заң әлі қабылданған жоқ. Сондықтан Оңтүстік Дакота губернаторы оған вето қоя алмайды.
Желідегі хабарламалар Кристи Ноэмнің Бірыңғай сауда кодексінің ережелеріне өзгерістер енгізу туралы заңға вето қойғанына негізделген. Бұдан басқа, онда «ақша» ұғымына Bitcoin, Ethereum және т.б. сияқты әртүрлі криптовалюталарды қосу ұсынылды. Түзетулер мәтінінде CBDC термині кездеспейді.
Ноэмнің бұл түзетулерді қабылдаудан бас тартуы Оңтүстік Дакотада криптовалюталардың заңсыз екенін білдірмейді. Олар ресми түрде ақша болып саналмаса да, оларды сатып алуға, сатуға және айырбастау құралы ретінде пайдалануға болады.
Демек, Оңтүстік Дакотада цифрлық валютаға тыйым салынғаны туралы хабарламалар манипуляция және өтірік. Осы және басқа да штаттарда цифрлық ақшаға тыйым салынған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button