Манипуляция

Манипуляция: «Вакциналар туралы жалған мәліметтер үшін Pfizer-ді сотқа берді»

Қазнет қолданушылары Pfizer-ді сотқа беріп, үш триллион доллар талап етуде деп жазуда. Бұған компанияның COVID-19 қарсы вакциналары туралы жалған мәліметтер жариялағаны негіз болған екен. Бұл ненің белгісі? Түсіндірейік.

Компанияны сотқа беру туралы ақпараттың көзі – The Leading Report америкалық жаңалықтар порталының Twitter-дегі аккаунты. Жаңалық «найзағай» форматында жарияланған және мәтінінде толық ақпарат жоқ. Дегенмен, келесі твитте қосымша мәлімет бар. Онда бұл істі адвокат Роберт Барнс жүргізетіні және сотқа талап-арыз беруге Pfizer компаниясының Operation Warp Speed шартын бұзғаны негіз болды делінген. Бұл АҚШ Денсаулық сақтау және қорғаныс министрліктері мен COVID-19 қарсы вакциналар шығаратын фармацевтикалық компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Шарттың мақсаты – пандемиямен күресу үшін COVID-19 қарсы вакциналарды әзірлеуді, тексеруді және нарыққа шығаруды жеделдету. 
Желіде Pfizer-дің бұл келісімді бұзғаны немесе министрліктерге өндірілген COVID-19 өарсы вакцина туралы жалған ақпарат бергені туралы мәлімет жоқ.
Аталған адвокат Роберт Барнс АҚШ-тағы 2020 жылғы сайлаудағы бұрмалаулар туралы теріске шығарылған теорияны жақтаушы ретінде белгілі. Сонымен қатар Барнс жала жапқаны үшін сотталған танымал конспиролог Алекс Джонстың адвокаты болған. Джонс 2012 жылы Техастағы Сэнди Хук бастауыш мектебінде болған атыс – қойылым және бірде-бір бала қайтыс болған жоқ деп бірнеше рет мәлімдеме жасаған. Оның теориясы бойынша ер жеткен оқушыларды жұртшылықтан жасырған. Барнс қорғаса да, Алекс Джонс кінәлі деп танылды. 
Сондай-ақ Барнс актер Уэсли Снайпстің ісінде де жеңіліс тапты, ол салықпен алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Дегенмен, адвокаттың ресми сайтында Джонс пен Снайпстың істері өте сәтті өтті деп көрсетілген.
Сондай-ақ, осы сайтта «ағымдағы істер» бөлімінде Pfizer туралы мүлдем жазылмаған. Порталдың хабарлауынша, Роберт Барнс қазір «Перридің Милуоки полиция бөліміне қарсы ісімен» айналысуда.
Желіде Pfizer-ге қарсы атышулы іс және үш триллион долларлық талап-арыз туралы ақпарат жоқ.
Сот істері – қастандық теорияларын жақтаушылар үшін ақапарат шығарудың жақсы бір себебі. Мәселен, COVID-19 пандемиясы басталғанда «үкімет өкілдері мен ПТР-тест өндірушілеріне» қарсы «халықаралық трибунал» туралы жаңалық көп тарады. Қазіргі кезде мұндай мәлімдемелерге қарамастан, ешқандай трибуналдың болмағанын көріп отырмыз. 
Демек, сот ісін жүргізудің өзі жауапкердің кінәсін дәлелдемейді және жалпы мағынасыз болып табылады.
Қорытындылай келе, біріншіден, сотқа талап-арыз беру туралы хабарламаның дереккөзі беделді емес екендігі белгілі. Мұндай талап-арыз туралы басқа сенімді БАҚ-та жарияланған ақпарат жоқ. Екіншіден, талап-арыз беру туралы ақпарат оны ұсынған адвокат Роберт Барнстың сайтында жоқ. Үшіншіден, мұндай талап-арыз болса да, бұл Pfizer компаниясының COVID-19 қарсы вакциналар туралы өтірік айтқанын дәлелдемейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button