Fake News

Фейк: «ДЭФ елдерге ет пен отынды нормалауды бұйырды»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форум әлем елдерінің үкіметтеріне ет пен отынды нормалауды қолға алуды бұйырғаны туралы ақпарат тарады. Яғни, адамдарға нақты қажеттіліктерге қарамастан, белгілі бір мерзімде қанша ет жеуге және қанша отын қолдануға болатындығы шектеледі. Бұл рас па? Тексерейік.

Таратылған хабарламада зерттеуге сілтеме берілген. Онда өндіру кезінде парниктік газдарды көп мөлшерде шығаратын тауарларды нормалау туралы айтылады. Мұндай зерттеу бар. Ол 2023 жылғы 19 ақпанда Ethics, Policy & Environment журналында жарияланды. 
Оның авторлары – Лидс университетінің ғалымдары Нейтан Вуд, Роб Лоулор және Джози Фриер. Желіде олардың Дүниежүзілік экономикалық форуммен байланысы бар екендігі туралы мәлімет жоқ. Олардың зерттеуінде де жұмыстың тапсырыс бойынша немесе ДЭФ-пен бірлесіп жүргізілгені де жазылмаған.
Лидс ғалымдары өз жұмыстарында нормалау жаһандық жылынумен күресудің бір жолы болуы мүмкін деп жазады. Олар өз теориясын парниктік газдар шығарындыларын есептеумен және елдердің үкіметтері екі дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін басшылыққа алған этикалық ой-пікірмен дәлелдейді.
Дегенмен, авторлар ешкімге қазір немесе болашақта тауарлардың белгілі бір санаттарын тұтынуды шектеуді бұйырмайды.
Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында да мұндай бұйрықтар жоқ. Сонымен қатар, өнімді нормалаудың Жер климатына әсері туралы ойлар жазылмаған. Rationing термині (нормалау – ағылш.), ДЭФ сайтында 2022-2023 жылдары Еуропада газ тұтынуды мәжбүрлі азайту контекстінде ғана кездеседі.
Бұл таратылған хабарламаның шындыққа жаанспайтынын дәлелдейді. Дүниежүзілік экономикалық форум елдерге ет пен отын тұтынуды шектеуді бұйырмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button