Қастандықты ұдайы жасыруға бола ма және қастандық теориялары қанша уақыт таралады
Соңғы жылдары Қазнет қолданушылары арасында әртүрлі қастандық теориялары тез таралуда. Олардың көпшілігі – ағылшын тілді ортада ондаған жылдан бері бар. Қастандық теориялары қанша жыл бойы таралады және ондаған жылдар бойы әлемдік деңгейдегі оқиғалар мен қастандықтарды жасыруға бола ма? Анықтайық.
Бұл мәселемен 2016 жылы Оксфордтық ғалым Дэвид Роберт Гримес айналысқан. Көптеген танымал конспирологиялық теорияларды талдай отырып, ол белгілі бір қастандық теориясының жоққа шығарылғанға дейін қанша уақытқа сақталатынын есептеуге болатын теңдеуді шығара алды. Әрине, бұл шын болса.
Граймс мысал ретінде PRISM Желісінде бақылау жүйесінің болуын атап көрсетті. Бұл факт шамамен алты жыл бойы құпия сақталды. Оны Эдвард Сноуден жария етті.
Сондай-ақ мысал ретінде Таскигидегі мерезге қарсы эксперимент кезіндегі қастандық келтірілген, онда мерезге қарсы дәрі-дәрмек, пенициллин, афроамерикалықтарға әдейі берілмеген. Бұл сынақтар аяқталғаннан кейін шамамен 25 жыл өткен соң анықталды. Орталықбарлау қызметінің тағы бір құпия эксперименті – MK Ultra, ол туралы жоба аяқталғаннан кейін екі жылдан кейін белгілі болды. Эксперимент аясында адамдарға кейде олардың білімі мен келісімінсіз ми жұмысын зерттеу үшін есірткі берілген.
Граймстың қорытындысына сәйкес, кез келген қастандық ерте ме, кеш пе ашылады. Мұның ықтималдығын математикалық түрде есептеуге болады. Граймстың есептеулеріне сәйкес, айға қонуға қатысты «өтірік» 3,7 жылдан кейін, климаттың өзгеруіне қатыстысы 3,7-26,8 жылдан кейін, вакциналар мен аутизмге қатысты қастандық 3,2–34,8 жылдан кейін ашылатын еді. Мұның бәрі айға қону жүзеге аспаса, климаттың өзгеруі өтірік болса, ал вакциналар аутизмді тудырса болатын еді. Бұл теориялардың ешқайсысы әлі де «ашылған» жоқ, демек, олардың барлығы жалған және негізсіз.
Граймс өз жұмысында бірнеше адам тартылған кез келген қастандық, қатысушыларының бірі айтып қояттындықтан мәлім болатынын айтады. Сонымен қатар уақыт өте келе қастандықты бөгде адамдар да кездейсоқ немесе әдейі анықтауы мүмкін. Демек, құпияны неғұрлым көп адам біліп, ол ұзақ уақыт сақталса, оның жақын арада әшкерелену ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Яғни, 1990-шы жылдары пайда болған химтрейл теориясы,«сатанисттер дүрбелеңі» -1980-ші жылдары пайда болған педофил-сатанистердің балаларды өлтіруі туралы идея және 30-40 жыл бойы тараған, бірақ дәлелденбеген көптеген басқа қастандық теориялары ойдан шығарылған.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі бірде-бір қастандық теориясы мәңгі еместігін дәлелдейді. Қандай да бір құпияны көп адам білсе, онда олардың бірінің ол туралы басқаларына айтып қою ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Егер «құпия» ондаған жылдар бойы таралса және осы уақытта оған нақты дәлелдер табылмаса, онда ол ойдан шығарылған және оған сенуге негіз жоқ.