Талдау

Белгілі бір таңбаларды теру арқылы ұялы телефонды кім тыңдайтынын білуге болатыны рас па?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған видеода нақты түймелерді басқаннан кейін экранда ұялы телефонды тыңдап отырған нөмірлер шығатыны көрсетілген. Шын мәнінде бұл не? Түсіндіріп өтейік.

Видео авторы *#62# тергенде экранда телефонды тыңдаушылардың нөмірлері жазылады.
Шын мәнінде, бұл команда «телефонның тыңдалатынын» анықтауға арналмаған. Ол арқылы телефон өшіп тұрса, қоңыраулардың кімге түсетінін білуге болады.
Сонымен қатар «тыңдауды» тоқтату үшін автор ##002# тереді. Шын мәнінде, ол бұрын қосылған қоңырауларды басқа нөмірге бағыттау функциясын өшіреді. 
Демек, таралған видео – фейк. Терілген командалар телефондардың тыңдалғанын дәлелдемейді, тек пайдаланушының өзі орнатқан қоңырауларды басқа нөмірге бағыттау туралы ақпаратты ұсынады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button