Fake News

Фейк: «Вакцинацияға байланысты Австралияда туу көрсеткіші 63%-ға төмендеді»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Австралияда туу көрсеткіші 63%-ға төмендегені туралы жазуда. Бұған COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация себеп болған екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

Австралияда туудың күрт төмендегені туралы бірінші болып бұрынғы депутат Джордж Кристенсен мәлімдеді. Ол өз сөзінде 2021 жылғы туу туралы ақпаратты жариялаған Австралия статистика бюросының мәліметтеріне сүйенеді.

Австралия статистика бюросының сайтында мұндай ақпарат бар. Онда 2021 жылдың желтоқсанында 6 659 бала, ал 2020 жылдың желтоқсанында 22 695 бала дүниеге келді делінген.

Алайда, кестеде 6 659 санына «жұлдызша» қойылған. Оған тінтуірді апарсақ, мынадай хабарлама шығады: «Тіркеу кешіктірілгендіктен бұл деректер толық емес. Бұл әсіресе желтоқсан және қараша айларында байқалады, өйткені бұл айлардағы туу жағдайлары келесі жылы тіркелуі ықтимал».

Дәл осындай ақпарат статистикалық бюро сайтының әдіснамалық бөлімінде де жарияланған. 

Демек, 2021 жылдың желтоқсанында туған балалар статистикаға енбеген, өйткені олар  2022 жылдың қаңтарында ғана тіркелді. Яғни, Австралияда туу көрсеткіші 63%-ға төмендеген жоқ.

Сондай-ақ таралған хабарламада жаппай вакцинацияның салдарынан Тайваньда туу көрсеткіші 25%-ға төмендеген деп айтылады. Бұл өтірік. Статистикаға сәйкес, онда туу деңгейі 2000 жылдардың басынан бері төмен. Нида жалпы көрсеткіштер 2010 жылы кеміді – ол кезде туған нәрестелер саны бір әйелге шаққанда 0,90-ға дейін азайды. Бұл жағдай Қытайдың ай күнтізбесіне сәйкес, 2010 жыл жолбарыс жылы болды және ол балалардың дүниеге келуі үшін қолайлы емес деп саналады деп түсіндірілді. Оның жалпы медицинаға да, вакцинацияға да қатысы жоқ. Қазіргі кезде Тайваньда туу деңгейі әлі де болса төмен, бірақ 25%-ға құлдырау байқалмайды.

Еуропа елдерінде де туу көрсеткіші төмендеп келеді, бірақ бұл вакцинациядан гөрі өмір сүру деңгейінің артуымен және басқа да әлеуметтік факторлармен байланысты. Еуропа елдеріндегі туу статистикасы COVID-19 пандемиясына және ауруға қарсы иммундауға төмендей бастаған.

Манипуляция: «Вакцинация деңгейі жоғары елдерде туу көрсеткіші күрт төмендеді»

Демек, таратылған хабарлама жалған. Австралияда туу көрсеткіші 63%-ға төмендеген жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button