Тарих

Фейк: «Ежелгі шумерлер қол сағаттын таққан»

Қазнетте ежелгі шумерлер тарихы туралы ерекше теория тарады. Пайдаланушылар қолында сағатқа ұқсас зат бар барельефтің суретімен бөлісуде. Кейбіреулерінің пікірінше, бұл адамдардан жасырып келген ежелгі дамыған өркениеттің болғандығының дәлелі. Бұл олай емес, неге екенін түсіндірейік.


Алдымен таралған фотосуретте шумерлік емес, ассириялық барельеф бейнеленгендігін атап өткен жөн. Бұл – қазіргі Ирак аумағында Мосула қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан ежелгі Нимруд қаласының орталық сарайын безендіріп тұрған қабырға тақтасының бөлігі. Панельде шамамен б.з. д. 745-727 жылдар аралығында билік еткен Ассирия патшасы Тиглатпаласар III бейнеленген. Қазір бұл барельеф Британ мұражайында сақтаулы. Ресми сайтта экспонаттың сипаттамасы бар, онда патшаның білегінде сағат емес, табақшасы бар білезік – сол кездегі дәстүрлі тұмар екені жазылған.
Нео-ассирия дәуіріне жататын барельефтердің басқа кейіпкерлерінің көбінің қолында дәл осындай білезіктер бейнеленген. Археологтардың пікірінше, мұндай табақшалар сәттіліктің символы болған және тұмар ретінде қолданылған.
Ассириялық барельефтердің әлемдегі ең үлкен коллекцияларының бірі Британ мұражайында сақталуда. Оның ресми сайтында 3D экскурсия жасау мүмкіндігі бар. Оны қолдана отырып, пайдаланушылар рельефтердің бөлшектерін оңай көре алады. Онда табақшаларды білезіктерде ғана емес, бас киімдерде, ат әбзелдерінде және басқа да заттарда кездесетіні байқалады.
Археологтар ежелгі Нимруд қаласының орнынан ассириялық шеберлер жасаған білезіктер тапқан. Олар табақшалармен және басқа да күрделі өрнектермен безендірілген. Қазба жұмыстары кезінде қол сағаттары табылмаған. Сонымен қатар археологтар мыстан жасалған жеке розеткаларды тапты.
Қорыта айтқанда, ежелгі шумерлер қол сағаттарын таққан деген теория – фейк. Тіркелген фотода – патша Тиглатпаласар III бейнеленген ассириялық барельеф. Оның қолында сағат емес, тұмар-білезік бар.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button