Манипуляция: «Альберт Бурла вакциналарда нанобөлшектер бар екенін мойындады»
Танымал Telegram-арналарда Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла COVID-19-ға қарсы вакциналарда нанобөлшектер бар деп мәлімдеген видео таралуда.
Конспирологтар мен вакцинацияға қарсы адамдар бұл олардың сөзінің дәлелі және вакциналардағы құпия ингредиенттер туралы теорияны растайды деп санады. Бұл олай емес.
Альберт Бурланың видеода айтқан сөздері сенсация емес және қастандық теорияларын растамайды. Pfizer бас директоры COVID-19-ға қарсы мРНҚ вакцинасының құрамына липидті нанобөлшектер кіретіні туралы бұрыннан белгілі ақпаратты тағы да қайталаған.
Бұл микроскопиялық роботтар немесе чиптер емес, нәзік мРНҚ-ны зақымданудан қорғайтын және оның сақталуын қамтамасыз ететін ұсақ май бөлшектері.
Вакциналарда липидті нанобөлшектердің болатыны туралы баспасөзде де, ресми ресурстарда да хабарланды.
Сонымен қатар бұл бөлшектер баршаға қол жетімді вакциналардың құрамында да көрсетілген.
Сондай-ақ таралған хабарламада Альберт Бурланың өзі вакцинада нанобөлшектердің болуына байланысты егілмегені айтылған. Бұл өтірік. Шын мәнінде, Бурла вакцинаны толық вакцинацияланған, бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі аккаунтында хабарлады. 2021 жылы наурызда Pfizer вакцинасының екі дозасын алған, ал қазан айында үшінші, бустерлік дозасымен егілді.
Демек, таралған хабарлама жалған және манипуляция. МРНҚ вакциналарында липидті нанобөлшектердің бар екені құпия емес. Бұл туралы көптеген БАҚ хабарлады. Альберт Бурла – толық егілді және вакцинациядан бас тартқан емес.