Fake News

Фейк: «Сынап онкологиялық ауруларды емдейді»

Telegram-арналарда қатерлі ісікті сынаппен емдеуге болатындығы туралы ақпарат таралды. Қымбат дәрі-дәрмектің сатылуын төмендетпеу үшін бұл металл ресми түрде қауіпті деп танылып, құрамында сынап бар препараттарға тыйым салынған екен. Бұл өтірік және конспирология.

Сынап – бұл ағзаға әсері денсаулыққа зиян келтіретін, тіпті өлімге әкелуі мүмкін металл. Алайда, металдың өзі емес, оның буы қауіпті екенін ескерген жөн.
Таралған хабарламаға қолында сынап ұстап тұрған, оны аузына да салған ер адамның видеосы тіркелген. Осылайша ол бұл металдың қауіпсіз екенін дәлелдемек. Ал контекстен үзіп алынған бұл кадрлар адамдарды жаңылыстыруы мүмкін. Бұл Қырғызстандағы Айдаркен маңындағы сынап-сүрме кен орны туралы жаңалықтар сюжетінің бір бөлігі.
Кәсіпорында сынап буланбайтын, сондықтан адамдарға қауіп төндірмейтін жағдайлар жасалған. Алайда, табиғи ортада сынап тез буланады және зиян келтіреді.
Сынап буларының қауіптілігі дәлелденгені сөзсіз. Мысалы, 2015 жылы сынапты қолдана отырып, флуоресцентті шамдар шығаратын жұмыскерлер арасында бірнеше өлім тіркелді. 2010 жылы ғылыми әдебиеттерде сынған термометрдің қыздырылған сынап буын жұту арқылы өзін-өзі өлтірмек болған 26 жастағы жігіттің оқиғасы сипатталған. Алайда, металл мөлшері өте аз болғандықтан, оның бұл әрекеті денсаулығына айтарлықтай зиян келтірмеді. Науқас алты күн бойы дәрігерлердің бақылауында болып, психиатриялық бөлімге ауыстырылды.
Сонымен қатар 1956 жылы Жапонияда Кумамото префектурасында өндірістік ағынды суларға метил сынаптың төгілуі салдарынан орын алған Минамата ауруы өршіген жағдай кеңінен танымал. Ауру белгілері – аяқ-қолдың ұюы, перифериялық көрудің жоғалуы, есту және сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Кейбір жағдайларда ақыл-ойдың жоғалуы, паралич, комаға түсу және өлім тіркелді.
Ежелгі уақытта сынапты ғажайып дәрі деп санап, оны косметикалық мақсатта қолданылған. Бұл оны көп қолданған жағдайда адамдардың ауыратыны немесе өлетіні байқалғанға дейін жалғасты. 
Сынаптың қатерлі ісіктерді емдейтінін дәлелдейтін беделді ғылыми дәлелдер жоқ. Керісінше, жақында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сынап тері қатерлі ісігінің даму қаупінің артуына әсер етуі мүмкін.
Демек, таралған хабарлама қауіпті фейк болып табылады. Сынап қатерлі ісікке қарсы дәрі емес және оның әсері өлімге әкелуі мүмкін. Дәрі-дәрмектерге сынап қосуға тыйым салудың себебі – аталған металлдың ойдан шығарылған қасиеттері емес, оның буларының уыттылығы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button