Медициналық фейктер

Фейк: «Егілген және егілмеген адамдар арасындағы сырқаттанушылық деңгейі бірдей»

Қазнет қолданушылары COVID-19-ға қарсы егілген және егілмеген адамдар бірдей жиілікпен және қарқындылықпен ауру жұқтырып, ауырады деп жазуда. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндірейік.

COVID-19-ға қарсы жаппай егу науқаны 2020 жылдың желтоқсанында басталды. Бүгінде әлем бойынша бес миллиардтан астам адам вакцинацияланды.

Мұның бәрі ғалымдарға вакцинаның тиімділігін клиникалық сынақтардан тыс зерттеуге және қосымша мәліметтер алуға мүмкіндік берді.

Желіде осы тақырып бойынша зерттеулер мен есептер көп.

Мысалы, Вашингтон штатының Денсаулық сақтау департаментінің 2022 жылғы 16 қарашадағы есебінде 12-34 жас аралығындағы адамдар арасында COVID-19-бен аурушаңдық вакцинацияланбағандар арасында екі есе жоғары екендігі айтылған. 35-тен 64-ке дейінгі жас санатында егілгендер 1,7 есе жиі ауырады. Вакцина алмаған 65 жастан асқан адамдар егілген құрдастарына қарағанда ауруды 2,2 есе жиі жұқтырады.

2022 жылдың қыркүйегінде 2021 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың сәуірі аралығында АҚШ-тағы СOVID-19-мен ауруханаға жатқызу жағдайлары салыстырылған зерттеу жарияланды.  Ол вакцина алмағандар арасында инфекция жұқтырған жағдайда ауруханаға жатқызу қаупі бірнеше есе жоғары екенін көрсетті. Бұл ретте тәуекел науқастың жасына қарай артады – ол неғұрлым үлкен болса, ауруханаға жатқызу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Вакцинацияланған адамдар да COVID-19 жұқтыруы мүмкін екені сөзсіз, бірақ бұл вакцина алмағандарға қарағанда әлдеқайда аз болады. Орта есеппен, толық егілген адамдардың шамамен 1,2%-ы COVID-19 жұқтырады. Бұл ретте көп жағдайда ауру жеңіл өтеді және ауруханаға жатқызу қажет болмайды.

Демек, таралған хабарлама – фейк. Вакцинацияланған адамдар егілмегендерге қарағанда COVID-19-бен сирек ауырады және ауру жеңіл өтеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button