Медициналық фейктер

Фейк: «Барлығына D дәруменін тағайындау арқылы пандемияны болдырмауға болатын еді»

Қазнет қолданушылары COVID-19 пандемиясы басталғанда барлығына D дәруменін тағайындаса, оны болдырмауға болатын еді деп жазуда. Бұл зат вирусты емдейді және иммунитетті нығайтып, ауру жұқтырудың алдын алады екен. Бұл рас па? Анықтайық.


D дәрумені – өте пайдалы және ағзаға тигізер оң әсері көп. Атап айтқанда, бұл витамин иммундық жүйенің қалыпты жұмысына, сүйектер мен тістердің нығаюына ықпал етеді.
Ғалымдар пандемия басталғанда-ақ оның COVID-19-ға әсерін зерттей бастады. Алғашқы зерттеулер өте перспективті нәтижелер көрсетті: витаминді көп мөлшерде қабылдаған пациенттер тез жазылған.
Алайда, осы кезеңде жүргізілген барлық зерттеулер іріктеудің аз болуымен ерекшеленді. Қатысатын еріктілер санын көбейту туралы шешім қабылдағанда, дәруменнің COVID-19 –дың ағымына оң әсері жойылды.
Яғни, аз адамдар арасында жүргізілген алғашқы зерттеулерде байқалған оң әсер дәлсіздік болып шықты. Көптеген еріктілермен жүргізілген зерттеулер мұны нақты дәлелдеді. 
Демек, пандемия басталғанда барлығына D дәруменін тағайындау арқылы мәселені шешу мүмкін болмас еді. Бұл қоспа науқастардың санына да, олардың ауруының ауырлығына да әсер етпейтін еді.
Олай болса, таралған хабарлама жалған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button