Манипуляция

Манипуляция: «Facebook пайдаланушылардың жеке профильдерін бақылайтынын мәлімдеді»

Қазнетте Facebook әлеуметтік желісінің өкілдері адамдардың жеке профильдерін бақылап, діни немесе саяси сипаттағы кез келген сілтемелерді жоятыны туралы жазылды. Бұл жалған.

Шындығында, Facebook-тің иесі Meta компаниясы мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. 16 қарашада компания пайдаланушы профильдерінің өмірбаяндық бөлімдерінен кейбір жолдар алынып тасталатыны туралы хабарлады, бірақ бақылау туралы мәселе қаралып жатқан жоқ. 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Facebook профильдерінен «Қызығушылығы», «Мекен жайы», «Саяси көзқарасы» және «Діни көзқарасы» сияқты бөлімдер алынып тасталады. Бұл туралы бірінші болып әлеуметтік медиа кеңесші Мэтт Наварра хабарлады.
Meta өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер «біреудің бұл ақпаратты Facebook-те басқа біреумен бөлісу мүмкіндігіне әсер етпейді».
Осылайша, Facebook пайдаланушылардың аккаунттарын бақылау немесе олар орналастырған саясат немесе дін туралы ақпаратты жою ниеті туралы мәлімдеген жоқ, ол тек профильдердің өмірбаян бөліміндегі өзгерістер туралы ғана жария етті. Демек, таралған хабарлама манипуляция болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button