Сайлау

Қазнетте Марк Твеннің сайлау туралы жалған дәйексөзі тарады

Қазақстандықтар Желіде Марк Твеннің дәйексөзімен бөлісуде. Ол: «Егер белгілі бір жағдайлар сайлауға байланысты болса, онда оған бізді қатыстырмас еді, – деген екен. Бұл өтірік.

 

Сайлау туралы бұл сөз Желіде 2019 жылдың екінші жартысынан бастап таралуда. Оны Марк Твен айтты деген болжамды Snopes және AAP сияқты порталдар жоққа шығарды

Фактчекерлердің айтуынша, Твеннің сайлау туралы осылай айтқанына ешқандай дәлел жоқ. Сонымен қатар америкалық Нью-Йорк қаласындағы Эльмир колледжінің Марк Твен әдебиеті және зерттеулер кафедрасының доценті доктор Мэттью Сейболдтың хабарлауынша, Марк Твен демократиялық сайлауға үлкен құрметпен қараған.
Ешбір жағдай сайлауға байланысты емес деген дәйексөз шамамен 1976 жылы Lowell Sun газетінде жазылған. Алайда, бұл мақалада авторы ретінде Марк Твенн деп көрсетілмеген. Сондай-ақ желіде бұл дәйексөз жазушының есімінсіз қолданылып жүр. 
Демек, таралған ақпарат фейк. Марк Твен сайлау ешбір жағдайға әсер етпейді деп айтқан емес.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button