Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтар әрекет етуде
Интернет-алаяқтар зардап шеккендердің туыстары мен достары ретінде көп мөлшерде қарыз сұрайды. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында осындай үш оқиға тіркелді. Алаяқтардың қармағына түспеу жолдары туралы ІІМ өкілдері айтып берді.
ҚР ІІМ ресми ресурсында алаяқтардың белсенділігінің артқаны туралы хабарлама жарияланды. Бірінші болып петропавлдық желі пайдаланушылары дабыл қақты. Мысалы, Дана есімді қыз Instagram-дағы парақшасында оның атынан біреу таныстарынан қарызға ақша сұрағанын жазған. Фейк аккаунт қыздың аккаунтының дәлме-дәл көшірмесі –суреттері көп болған. Аты да бірдей.
– Фотода менің атымнан жазған номер көрсетілген, аватарда менің суретім тұр. Ақша сұрап жатыр! Бұл алаяқтар. Өтінемін, ештеңе аудармаңыз. Мен ешкімге ештеңе жазған жоқпын және ештеңе сұраған жоқпын! Сақ болыңыздар», – деп жазады ол әлеуметтік желіде.
Басқа да қалалық блогерлер осыған ұқсас хабарламалар жазған.
– Өкінішке орай, мұндай фактілер жиі кездеседі. Алаяқтар соңғы үш жылда алдаудың осы түрін қолдануда. Әрине, көп жағдайда адамдардың ақпараттық сауаттылығы мен қырағылығы зиянкестерге қылмыстық жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бірақ түрлі өтініштер мен ұсыныстар келіп түскенде пайдаланушылар ақпаратты тексере қоймайды, – деп атап өтті СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.
Жыл басынан бері СҚО полициясына алаяқтарға сенім білдірген үш адам жүгінген.