Fake News

Фейк: «Вакцинацияланбаған адамдарда қатерлі ісік болмайды»

Қазнетте танымал конспиролог Юстас Маллинздің вакцинацияланбаған адамдарда обыр болмайды деген сөзі тарады. Бұл рас па? Тексерейік.

Эстас Маллинз – холокостты жоққа шығарумен және құпия әлемдік үкімет туралы теорияларды жақтайтынымен танымал конспиролог және антисемит. Ол 2010 жылы қайтыс болды, сондықтан COVID-19-ға қарсы вакциналар туралы айтуы екіталай. Демек, Маллинз сол кездегі иммундауға арналған басқа препараттар жайлы айтқан.

Олардың қатерлі ісік ауруының дамуына ықпал ететіндігіне ешқандай дәлел жоқ. Ғалымдар вакцинация мен онкологиялық аурулардың дамуы арасындағы ықтимал байланысты зерттей отырып, осы тақырыпта зерттеулер жүргізді. 

2007 жылдың желтоқсанында балалардағы лейкемия мен вакцинация арасындағы байланыс туралы үлкен зерттеу нәтижелері жарияланды. Ғалымдар 1991-1994 жылдар аралығында Австралияның бес ірі аймағында лейкемия диагнозы қойылған нөлден 14 жасқа дейінгі балалардың медициналық тарихы мен анамнезін қарады.

Зерттеу нәтижелерінде былай жазылған: «Балалардағы лейкемия мен бірнеше тараған вакциналар,  оның ішінде,  қызылша, паротит және қызамық (MMR), дифтерия, сіреспе және көкжөтел (ACDS), полиомиелит, гепатит немесе Кальметт-Герен бациллалары (BCG) вакциналарына әсері арасында байланыс табылған жоқ».

Кейінірек Қатерлі ісік ауруын зерттеу институты вакциналардың кейбір түрлері вирустардан туындаған қатерлі ісік ауруының пайда болу ықтималдығын едәуір төмендететіні туралы ақпарат жариялады. Олардың қатарына Эпштейн-Барр вирусы, адам папилломасы вирусы, В гепатиті, АИТВ, адамның Т-лимфотропты вирусы, С гепатиті вирусы (СВГ) және Меркель жасушаларының полиомавирусы жатады.

2021 жылы лейкемия мен вакцинацияның өзара байланысы туралы 35 ғылыми мақаланың мета-талдауы жарияланды. Ғалымдардың қорытындысы вакциналар балаларда лейкемия қаупін арттырмай, азайтады деген болжамды растады.

Қатерлі ісікпен ауыратын адамдар денсаулығына байланысты вакциналардың белгілі бір түрлерін ала алмайтындығы да маңызды. 2015 жылы АҚШ-та қызылшаға қарсы вакцинация тақырыбында қызу пікірталас болды.

Вакцинацияға қарсы адамдардың екпеден көптеп бас тартуының салдарынан қатерлі ісік ауруымен ауыратын балалар ауру жұқтыру қаупіне ұшырады. 

Біз осыған ұқсас тезисті жоққа шығардық. Ол кезде Қазнет қолданушылары онколог Владимир Поляков «Мен вакцинацияланбаған адамдар арасында қатерлі ісік ауруы болғанын көрмеппін» деп мәлімдеді деген болатын. Ол іс жүзінде вакцинацияны жақтаған және оның бұлай айтқанына ешқандай дәлел жоқ.

Фальсификация: «Вакцинацияланбаған адамдарда қатерлі ісік болмайды»

 

Қорыта айтқанда, таратылған хабарлама жалған, оған негізі жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button