Фейк: «Әйгілі әртістердің орнына клондар өнер көрсетеді»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде концерттерде танымал артистердің орнына клондар өнер көрсетеді деген теория тарады. Ол әнші Кэти Перридің жақында өткен концертінің видеосымен расталады. Шара барысында ол еріксіз көзін жұмып қалады. Шын мәнінде не болды? Айтып берейік.
Видеода клон, голограмма немесе ұқсас біреу жоқ. Бұл әншінің өзі – Кэти Перри. Концерт кезінде онда блефароспазм болған. Бұл қабақтар еріксіз тартылып, көз толығымен жабылып қалатын құбылыс.
Бұған дейін мұндай жағдайлардың болып тұратынын әншінің өзі айтқан болатын. Бұл туралы ол 2016 жылы Twitter парақшасында пікір жазған.
that wonk eye tho
— KATY PERRY (@katyperry) July 29, 2016
Сол жылы ол American Idol телешоуының қатысушысын оң көзінің аяқ астынан жабылып қалатынын, бірақ бұл оның танымал болуына еш кедергі болмағанын айтып, жұбатқан.
Желі қолданушылары орын алған жайтты вакцинаның жанама әсері, тіпті клондаудың белгісі деп жазып үлгерді, бірақ мұның бәрі шындыққа жанаспайтын қастандық теориялары.