Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинаны әзірлеуші оны адамдарға қолдануға болмайды деп мәлімдеді»

Telegram чаттарына қатысушылар өзін дәрігер ретінде таныстырған адамның бейнежазбасымен бөлісуде. Оның айтуынша, COVID-19-ға қарсы мРНК вакциналарын әзірлеуші оларды «қалай болғанда да» адамдарға қолдануға болмайды деп мәлімдеген екен. Ал егілгендер алты ай немесе бес жыл ішінде өледі. Бұл шындыққа жанаспайды.

Видеодағы ер адам – Шон Брукс. Желіде ол туралы қол жетімді ақпаратқа сүйесек, ол дәрігер емес, мұғалім. Ол жазған кітаптар АҚШ-тағы білім беру мәселелеріне арналған. Брукс сарапшы ретінде шақырылған Quite Frankly подкастында оның орта мектепте сабақ бергені және бүкіл мансабын педагогикаға арнағаны туралы айтылады. Демек, Шон Брукстың медицинаға да, фармакологияға да, вирусологияға да қатысы жоқ. Оның осы мәселелер бойынша пікірін сарапшының сөзі ретінде қабылдауға болмайды.

Брукс айтқан бірінші тезис қате. Оның айтуынша, мРНК вакциналарын жасаған Роберт Мэлоун. Бұл олай емес. Роберт Мэлоун вакциналар да, олар жасалған мРНК платформасын да әзірлемеген. Associated Press-ке жолдаған хатында Мэлоун «COVID-19-ға қарсы ммРНК вакциналарын жасамағанын және адамның мРНК вакциналарын жасауға ешқашан қатыспағанын»  айтады. Сондай-ақ ол COVID-19 қарсы вакциналарды адамдарға қолдануға болмайды деп мәлімдемегенін айтты.

Вакцинацияланған адамдар екпеден кейін алты ай ішінде қайтыс болады деген ақпарат жалған.  Бүгінде жаппай егу науқаны басталғаннан бері бір жыл он ай өтті. Осы уақыт ішінде әлем бойынша 5 миллиардтан астам адам егілді. Олардың арасындағы жаппай өлім туралы хабарланған жоқ.

COVID-19 вакцинасының бустерлік үшінші дозасын 2,34 миллиард адам алды.

Олардың ішінде клиникалық сынақтардан тыс әлемде COVID-19 қарсы вакцина алған алғашқы адам – 92 жастағы Маргарет Кинан да бар. Видеода айтылған мәлімдемелерге қарамастан, вакцинаның үшінші дозасын алғаннан кейін жаппай өлім байқалмайды.

Шон Брукстың COVID-19-ға қарсы егілгендерге тұмауға қарсы екпе салдыруға болмайды деген теориясы да дұрыс емес. Жетекші дәрігерлер тұмауға қарсы егілуге шақырады. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтында (CDC) тұмауға қарсы вакцина алу кезіндегі өлім қаупі туралы ештеңе айтылмаған. Мұндай жағдайлар тіркелеген.

Демек, Шон Брукстың видеода айтқаны жалған және дәлелденбеген мәлімдемелер. Яғни, оған сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button