Тарих

Конспирология: «400 жыл бұрын жер бетінде екі басты алыптар өмір сүрген»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар таңғажайып археологиялық олжа – биіктігі 3,5 метрден асатын екі басты алыптың мумиясының суреттерімен бөлісуде. Кейбіреулерінің пікірінше, мұндай «гуманоидтар» біздің планетамызда 400 жыл бұрын өмір сүрген, бірақ бізден мұны жасырады екен. Бұл шындыққа жанаспайды. Неге екенін түсіндірейік.

Екі басты алыптың мумиясы бар. Оның тарихы ол табылған 1673 жылыдан басталады. Мұның қалай болғандығы туралы әртүрлі әңгімелера айтылуда. Олардың бірі бойынша алып Оңтүстік Америка аумағында Патагонияда өлі күйінде табылған. Теңізшілер оның денесін Еуропаға алкоголь құятын үлкен бөшкемен жеткізген екен. Екінші теорияда Патагониядағы алып адам тірі табылған, бірақ шайқаста өлтірілген, ал денесі кемемен Еуропаға жеткізілген деелінген. Марқұмның денесін кім және қалай бальзамдағаны белгісіз, бірақ кейіннен мумияны сол кездегі әйгілі шоумендер сатып алып, оны келушілерге ақшаға көрсеткен. Айта кетейік, осы уақытқа дейін денені беделді ғалымдар зерттеп, түпнұсқалығын тексермеген. Демек, екі басты алыптың мумиясы – бұл бір кездері өмір сүрген адамның сүйегі деп айту негізсіз. Сондай-ақ оған ұқсас адамдар көп болды және олар барлық жерде мекендеді деп айту қисынсыз.
Патагонияда өмір сүрген алыптар туралы аңыздар 1520 жылы Фернан Магелланның Оңтүстік Америкаға экспедициясынан кейін тарағанын атап өткен жөн. Оның шежірешісі еуропалықтар беліне ғана жеткен алыптармен кездескендерін жазған. Алайда, 1628 жылы сэр Фрэнсис Дрейк бұл мифті жоққа шығарды. Дүниежүзілік саяхат туралы есебінде ол Патагонияда тұрған адамдардың бойы ұзын, бірақ алып емес деп жазды. Принстон университетінің кітапханасының веб-сайтында Дрейктің есебінен үзінді келтірілген, онда ол Патагонияның ең ұзын тұрғындарын сипаттайды: «7 жарым футтан аспайды». Яғни, 2,2 метр.
Кейбір адамдардың бойы бұдан да артық болатыны белгілі. Олардың барлығында гигантизм мен акромегалия тіркелген. Бұл гипофиз безі өсу гормонының шамадан тыс мөлшерін шығаратын туа біткен аурулар. Көбінесе бұл гипофиз ісігіне байланысты болады. Аталған аурулармен Роберт Вадлоу ауырған. 22 жасында оның бойы 2,72 метр болды. Тоқтаусыз өсе бергендіктен ауру асқынып, ол өздігінен жүре алмай, балдақ қолдануға мәжбүр болған. 1940 жылдың шілдесінде ол бір аяғын қажап алып, жараға инфекция түскен, нәтижесінде ол сепсистен қайтыс болды. Гигантизмнен зардап шегетін адамдар қазір де бар, бірақ олардың денсаулығы нашар болады.
Бастың екеу болуына келсек, бұл өте сирек болса да кезедсетін құбылыс. Мысалы, бүгінде АҚШ-та сиам егіздері апалы-сіңлі Абигейл мен Бриттани Хенсель тұрады. Олардың ортақ денесі ортақ – екі қол, екі аяқ, басы да екеу. Алайда, апалы-сіңлілер жеке тұлғалар болып табылады және белгілі бір мәселе бойынша өз ұстанымдарын білдіріп қана қоймай, бастауыш мектепте сабақ та береді.
Сиам егіздері болып табылатын және гигантизммен ауыратын екі адамның туылу ықтималдығы өте төмен. Екі басты алыптың мумиясының пайда болуын мұндай теориямен зорға түсіндіругее болады. Мумияны беделді ғалымдар мүлдем зерттемеген және оның түпнұсқалығы расталмаған. Сондай-ақ мумияны табу тарихы күмәнді екенін ескерсек, оны жалған деп айтуға болады. Оның үстіне, археологтар мұндай адамдардың сүйектерін басқа еш жерден тапқан жоқ.
Демек, 400 жыл бұрын Жерде екі басты алыптар мекендегені туралы пікір конспирологиялық және өте күмәнді дерекөздерге негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button