Fake News

Фейк: «Егу науқаны нәтижесінде әлемде өлім-жітім 5000%-ға дейін өседі»

Қазнет пайдаланушылары америкалық адвокат Тодд Каллендердің видеосымен бөлісуде. Оның айтуынша, вакциналар егілен адамдарда иммун тапшылығы мен қатерлі ісік ауруын тудырады, ал әлемде өлім-жітім көрсеткіші 5000%-ға артады. Мұның бәрі фейк.

Тодд Каллендер – вакцинацияға қарсы танымал тұлға, ол осы жылдың мамыр айында вакциналар иммун тапшылығын тудырады деген негізсіз мәлімдемелер жасаған. Бұл пікірді Verify фактчекинг порталы жоққа шығарды.
Вакцинадан туындайтын иммун тапшылығы бар деген тезис бұрыннан айтылып келеді. Ол 2022 жылдың басынан бастап Желіде таралуда. 
Алайда мұндай ауру жоқ. Бұл туралы фактчекингтік порталдар бірнеше рет жазды. Assosiated Press агенттігі Аризона штаты Университетінің Иммунотерапия, вакциналар және виротерапия орталығының директоры доктор Грант Макфадденнің сөздерін келтірді.
– ЖҚТБ – бұл АИТВ-1 вирусын жұқтырудан туындаған иммундық жасушалардың белгілі бір жиынтығының (негізінен CD4+ – лимфоциттердің) жалпыланған бұзылуы. ЖҚТБ-ның вакцинадан туындайтын аналогы жоқ», – деді ол.
Сонымен қатар дәрігердің сөзінше, вакциналардың осындай жанама әсері шынымен бар болса, онда әлемдегі вакцинацияланған адамдар санын ескерсек, ол баяғыда анықталатын еді. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта әлемде бес миллиардқа жуық адам вакцинацияланған.
Адвокат Тодд Каллендер айтқан онкологиялық аурулардың дамуының COVID-19 қарсы вакциналарға ешқандай қатысы жоқ. Бүгінгі күні мұны растайтын деректер жоқ. Ғалымдардың пікірінше, сүт безі мен ішек ісіктері сияқты ең көп таралған обыр түрі орта есеппен он жылдан кейін ғана анықталады. COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталғаннан бері екі жылға жуық уақыт өткенін ескерсек, онкологиялық аурулар мен вакциналар арасындағы байланыс туралы қандай да бір қорытынды жасау мүмкін емес.
Демек, Каллендердің өлім-жітімнің 5000%-ға өсетіні туралы тұжырымдары толығымен негізсіз және ғылымға қарсы.
Ал таратылған хабарлама – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button