Fake NewsМедициналық фейктер

COVID-19 жұқтырған балаларға жақындарымен көрісуге рұқсат етпейтіні туралы қауесет фейк болып шықты

Telegram чаттарында білім беру мекемелерінде COVID-19 жұқтырғандар анықталған жағдайда олардың карантинге жабылатыны туралы ақпарат таратылуда. Сонымен қатар, мәтін авторы мектептерді «әскер қорғайды», ал «ата-аналарды балаларға жібермейді» деп жазған. Бұған дәлел ретінде Instagram-дағы видео ұсынылған, онда бір әйел Израильде қабылданатын карантиндік шаралар туралы айтады.

 

StopFake редакциясы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жүгініп, ресми түсініктеме алды. Ведомствоның хабарлауынша, бұл видеоның Қазақстанға қатысы жоқ.

– Оқушылар арасында короновирус инфекциясын жұқтырғандар анықталған жағдайда, келесідей эпидемияға қарсы іс-шаралар қабылданады:
1) ауру жұқтырған оқушымен байланыста болған адамдар ПТР тексеруден (сынып пен мектеп бойынша, отбасында, бала қатысқан басқа да ұжымдарда) өткізіледі;
2) ауру жұқтырған оқушы оқитын сынып карантинге алынады, яғни бүкіл сынып 14 күн бойы үй жағдайында қашықтан білім алуға ауысады;
3) науқаспен байланыста болған адамдарды медициналық бақылау ұйымдастырылады (мектепте және үй карантинінде жүргендерге);
4) науқастарды бақылау және емдеу жүргізіледі, қажет болған жағдайда, стационарға жатқызылады.
Мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Барлық орын-жайларда Ереже талаптарына сәйкес эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, егер мектеп карантинге алынса, оқушылардың барлығы қашықтан оқытуға ауысуы тиіс.

StopFake жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button