Фейк: «Австралиялық компания вакциналардан болатын өлімді азайтатын дәрі-дәрмек әзірлеуде»
Әлеуметтік желілерде тараған жаңалықтар бағдарламасының үзіндісінде жүргізуші австралиялық компанияның COVID-19 қарсы вакциналардан болатын өлім-жітімді төмендететін дәрі-дәрмек жасай бастағаны туралы айтады. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл иммундауға арналған препараттар өлімге әкеледі және егілмеу керегін растайды. Бұл жалған.
Вирустық видеоны батыс фактчекерлері жоққа шығарды. AFP порталының хабарлауынша, үзінді австралиялық 7NEWS телеарнасының жаңалықтарынан алынған. Жетекші Тина Альтиери қателескен, бірақ сөзін бірден түзетіп, жаңа дәрі вакциналардан емес, COVID-19 ауруынан болатын өлімді азайтуға арналған айтады.
2021 жылдың сәуірінде австралиялық-америкалық Implicit Bioscience компаниясы COVID-19 жұқтырғандарда өкпенің зақымдануын болдырмауға көмектесетін IC14 препаратының клиникалық сынақтарын бастағаны туралыы мәлімдеген болатын. Бүгінгі күні препараттың клиникалық сынақтарының екі фазасы өтті. Екінші кезеңге 40 ерікті қатысты. Осы сынақ кезеңі туралы қысқаша есеп Желіде қол жетімді.
Яғни, Желіде тараған видео фрагменті контекстен үзіп алынғандықтан пайдаланушыларды жаңылыстырады. Оған жүргізушінің қателесіп айтқан сөзі әдейі енгізілген, ал сөзін түзетіп, дұрыс айтқан ақпарат алынып тасталған. Шын мәнінде, австралиялық компания COVID-19 қарсы вакциналардан емес, осы аурудан болатын өлімді азайтатын дәрі жасаумен айналысады.