Fake News

Коронавирус дегеніміз не және неге 70-ші жылдары COVID-19 туралы білген жоқ?

Мессенджерлерде 1976 жылы жарияланған газет мақаласының фотосуреті таратылуда. Онда ЖРВИ, тұмау, ротавирус, аденовирус пен коронавирусты емдеу әдістемесі туралы жазылған. Шынында да, 70-ші жылдары коронавирустар туралы білді және оларды емдеумен айналысқан. Бірақ бұл тәжірибенің қазіргі пандемияға жанама қатысы бар.


Коронавирустар — вирустардың отбасы, оның ішінде 2020 жылдың қаңтарында адамдарға және жануарларға әсер ететін екі субфамилияға біріктірілген, құрамында РНК бар вирустың 40 түрі бар. Олардың жетеуі адамға жұғады.

Википедияның мәліметінше, бұл вирустың – HCoV-229E алғашқы штаммы 60-шы жылдардың басында анықталған. Ол қазір де бар және ешбір асқынуларсыз ЖРВИ тудыруы мүмкін. Сондықтан вирустың осы штаммын емдеу басқа ЖРВИ-мен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеленбейді және өте қарапайым болған. Әрине, 1970 жылдары мұндай ауруды емдеу алгоритмі белгілі болды.

Бірнеше жылдан кейін, 1967 жылы коронавирустың тағы бір түрі – HCoV-OC43 анықталды. Ауру жұқтыру жағдайлары бірнеше елде тіркелді.

Адамзатқа айтарлықтай қауіп төндірмейтін тағы бір – HCoV-NL63 штаммы 2004 жылы Нидерландта табылды.

2004 жылдың қаңтарында HCoV-HKU1 шықты. Алғашқы науқас қытайлық 71 жастағы ер адам болды. Ол ауруды жеңіп, ем қабылдаған соң үйіне аман-есен оралды. Вирустан көз жұмған адамдар туралы деректер желіде жоқ, бірақ 2005 жылы Францияда инфекцияны жұқтырудың бес жағдайы тіркелгені белгілі. Википедияның мәліметіне сәйкес, барлық науқастар қажетті ем-дом қабылдап, жазылып шыққан.

Әлдеқайда қауіпті SARS-CoV штаммы алғаш рет 2002 жылы анықталды. Ол өткір респираторлық синдром тудырған. Коронавирустың бұл түрі Қытайда да табылды. Екі айдың ішінде ауру Вьетнам мен Гонконгқа тарады. Бүгінгі таңда бұл штаммнан туындаған ауруларға шалдығу жағдайлары 29 елде тіркелген. 8098 адамның 774-і қайтыс болған.

Ал 2012 жылы коронавирустың MERS-CoV штаммы Таяу Шығыста респираторлық синдромының өршуіне себеп болды. ДДСҰ сайтының хабарлауынша, бұл ауру алғаш рет Сауд Арабиясында тіркелген. Оған тән белгілер – дене қызуының көтерілуі, жөтел мен тыныс алудың ауырлауы. Кейбір кездері пневмония және диарея болған. 2015 жылдың жазында бұл ауру 23 елге таралды. Әртүрлі мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда вирустың бұл штаммынан 862-912 адам көз жұмған, жалпы 2494-2506 адам жұқтырған. Бұл ауруға шалдыққан адамдар бүкіл әлем бойынша әлі де тіркелуде.

2019 жылдың соңында коронавирустың SARS-CoV-2 штаммы әлемді дүр сілкіндірді. Ғалымдар оны алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Ухань қаласында пневмониямен ауыратын науқастардың өкпесінен алынған сұйықтық үлгілерінен тапты. 1970 жылдары коронавирустың бұл түрін емдеу алгоритмдері болмағаны айдан анық.

Бұрын белгілі болған коронавирус түрлерінің ішінде ең қауіптісі осы болып шықты және өлім-жітім деңгейі өте жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, қазіргі кезде бүкіл әлемде 31 303 906 адам індетті жұқтырған. Олардың 962 008-і қайтыс болды. Пандемия 188 елге тарады.
Бүкіл әлемдегі ғалымдар мен дәрігерлер жаңа штаммды зерттеуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда вакциналардың бірнеше түрі әзірлену үстінде. Қазір олардың барлығы сынақтан өткізіліп жатыр. Олардың ішінде қазақстандық QazCovid-in де бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button