Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған адамдардың денелеріне магнит тартылады»

Желіде тараған видеода ер адамның қолына жақындатқанда магнит тартылып, терінің көтерілетіні көрсетілген. Бұл видеодағы адам COVID-19-ға қарсы үш рет егілгендіктен және инъекция орнында графен оксиді жиналғандықтан болады екен. Бұл фейк.

Видеоны дәлелдеу мүмкін емес. Ролик кейіпкерінің COVID-19 қарсы вакцина салдырған-салдырмағаны белгісіз.

Адамдардың терісі магнитке тартылатын осы сияқты роликтерді Желіден оңай табуға болады. Алайда, олардың сипаттамасында бұл адамдардың терісіне металл бөлшектері түскені жазылған.

Видеодағы ер адамның да терісінің астында графен оксиді емес, металл бөлшектері бар деп болжауға болады.

Оның үстіне, графен оксиді – парамагнетик. Яғни, ол күшті магнит өрісі болған жағдайда ғана магнитке тартылады.

COVID-19 қарсы вакциналарда графен оксиді жоқ. Ол бұл препараттардың құрамында жоқ.  Сонымен қатар шетелдік фактчекерлер мен Еуропалық парламент комиссиясы вакциналарда, маскаларда және ПТР тестілеу жиынтықтарында графен оксидінің болатыны туралы теорияларды жоққа шығарды.

Хабарламада келтірілген графен оксидінің адам ағзасына теріс әсерінің тізіміне келетін болсақ, ол мүлдем дәлелденбеген. Өйткені, графен оксиді салыстырмалы түрде жаңа материал болып табылады және оның әртүрлі жағдайларда адам ағзасына әсері туралы толық зерттеулер жүргізілмеген. Жануарларға қатысты салыстырмалы түрде үлкен емес зерттеулер бар, олардың барысында таза графеннің ағзаға әсері зерттелді. 

Мұның бәрі таратылған хабарламаның фейк екенін білдіреді. Видео кейіпкерінің COVID-19-ға қарсы егілгеніне ешқандай дәлел жоқ. Бұл ауруға қарсы вакциналар құрамында графен оксиді жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button