Fake News

Фейк: «Табиғи шешек мүлдем болған емес»

Әлеуметтік желілерде табиғи шешек сияқты аурудың ешқашан болмағаны туралы видео тарады. Ол оны вакциналармен «жеңу» және оны болашақта иммундау үшін дәлел ретінде қолдану үшін ойлап тапқан екен. Мұның бәрі өтірік.

Табиғи шешек – бұл жүздеген миллион адамның өмірін қиған ауру. Ғалымдар б.з. д. 600 жылы қазіргі Дания мен Ресей аумағында өмір сүрген адамдардың сүйектеріне ДНҚ талдауын жасау арқылы шешек вирусының сол кезде болғанын анықтай алды.

Тек 1900-1977 жылдар аралығында шешектен 300 миллион адам қайтыс болды. 

Бұл аурудың бар және оның қоздырғышы вирус екендігіне күмән болмаған. Біріншіден, бұл аурудың өзіндік белгілері болды, мысалы, денеде күлдіреулердің пайда болуы, дене температурасының күрт жоғарылауы, құсу, диарея және басқалар. Басқа ешбір ауруды мұндай симптомдар болмайды.

Екіншіден, шешектің вирустық табиғатын әлемдегі алғашқы табиғи шешекке қарсы вакцинаны жасаушы Эдвард Дженнер дәлелдеді. Одан кейін шешек вирусын басқа ғалымдар, соның ішінде қазіргі заманғы ғалымдар оқшаулады. Медициналық әдебиеттерде патогенді оқшаулау процесінің толық сипаттамасын және оның сипаттамаларын табуға болады.

Ауруды вакцинаның көмегімен жеңу мүмкін болғаны рас. 1959 жылы ДДҰ шешекті жою жоспарын жүзеге асыра бастады. Бұл жоспардың бір бөлігі жаппай вакцинация болды. Ұйымның күш-жігерінің нәтижесінде АҚШ-тағы шешектің соңғы ошағы 1949 жылы тіркелді. 1980 жылы шешек ауруы басылыд деп жарияланды, өйткені оның өршуі сол кезден бастап әлемнің еш жерінде тіркелмеді.  

Мұндай ештеңе болмады деп айту негізсіз. Миллиондаған адам болмаған аурудан көз жұмды деген теориялар сенімді емес және шешек ауруын зерттеудің ғасырдан астам тарихына қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button