Fake News

Дәлелсіз: «Дэвид Рокфеллер БАҚ-қа өзінің жаман ойлары туралы жазбағаны үшін алғыс айтты»

Telegram арналарында америкалық банкир Дэвид Рокфеллердің дәйексөзі тарады. Онда ол ірі БАҚ-қа оның қызметі жайлы жазбай, оған қоғамда біртұтас әлемдік үкімет құруға мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіреді. Шын мәнінде, оның мұндай сөздерді айтқанына ешқандай дәлел жоқ.

БАҚ-қа жазбағаны үшін алғыс айтқаны туралы дәйексөз Желіде бар. Даулы мәлімдемені жариялаған кейбір порталдарда дәйексөз 1991 жылы Баден-Бадендегі Бильдеберг клубындағы кездесуде айтылған деп көрсетілген. QuotePark порталының хабарлауынша, дәйексөзді жеткізген дереккөз анықталмаған және бұл мәлімдеменің шын екені күмәнді тудырады.
1991 жылы маусымда Бильдеберг клубының мүшелері Баден-Баденде жиналғаны рас. Желіде қатысушылар тізімі, кездесудің күн тәртібі мен кіріспе сөздер жазылған кітапшалардың цифрлық нұсқасын табуға болады. Айта кетейік, Дэвид Рокфеллер қатысушылар тізімінде көрсетілмеген. Сондай-ақ, онда оның сөздері, әсіресе, БАҚ-қа алғыс айтқаны жазылмаған.
1991 жылы клуб кездесуінде жазылған аудио немесе видео жазбалар жоқ. Демек, Дэвид Рокфеллердің, біріншіден, кездесуде болғанын дәлелдеу, екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдары жария етпеген біртұтас әлемдік үкімет құру жоспары туралы айтқанын анықтау мүмкін емес.
Дэвид Рокфеллер мен оның отбасының басқа мүшелері айтпаған дәйексөздерді айтты деп ұсынылған ақпараттар бұған дейін де тараған. Мысалы, Желіде Дэвид Рокфеллердің жаһандық дағдарыс ұйымдастыруды жоспарлап жүргені туралы сөзі тараған. Бұл ақпарат жалған болып шықты.

Дэвидтің әкесі Джон Д. Рокфеллер әлемдік қастандық теориясын дәлелдейтін сөздерді айтты деген де қауесет болды. Оларды Snopes Порталы жоққа шығарды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button