Fake News

Фейк: «Әлеуметтік рейтинг – бұл адамдарды бақылау құралы»

ТикТок қолданушылары әлеуметтік несие жүйесін енгізу туралы жаңалықты талқылауда. Болоньяда парасатты азаматтарға тәртібі жақсы болғаны үшін ұпай беріледі, ал бағынбағандарға айыппұл салынады екен. Бұл хабарлама рас па?

2023 жылдың наурызында Болонья билігі муниципалитеттер мен халық арасында байланыс орнатуға көмектесетін қосымша әзірлеп жатқаны туралы айтты. Пилоттық жоба туралы қала мэрі Маттео Лепоре хабарлады. Қызметтердің көбі цифрлық форматқа ауыстырылып, тұрғындарға онлайн режимде ұсынылады. Қосымшада қалалық жаңалықтар да жарияланбақ. Бұл ретте телефоны мен компьютері жоқ егде жастағы адамдар тікелей қалалық мэрияға жүгіне алады.

Қосымшада «Азаматтың ақылды әмияны» деген жеке бөлім болады. Оны пайдаланатын қала тұрғындарына қоқыстарды сұрыптағаны, жеке көліктің орнына қоғамдық көлікті пайдаланғаны, электр қуатын үнемдегені және т.б. үшін жеңілдіктер мен шегерімдер жасалады. Бұл тетік сатып алулар үшін бонустар берілетін супермаркеттердің қосымшаларына ұқсайды. Тәртібі жаман болса салынатын айыппұлдар туралы ақпарат жоқ.

«Азаматтың ақылды әмияны» қазірдің өзінде сынға ұшырады. Әр пайдаланушының жеке деректері қаншалықты қорғалатыны белгісіз. Италияда пилоттық жоба тек Болоньяда ғана іске қосылады. Сонымен қатар, бағдарламаны қолдануға ешкімді мәжбүрлемейді, оны пайдаланбауға да болады.

Демек, әлеуметтік желіде жарияланым ойдан шығарылған. Италияда әлеуметтік несие жүйесі жоқ. Болонья тұрғындарына қоғам үшін пайдалы және экологиялық таза әрекеттері үшін жеңілдіктер жсалады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button