Фейк: «Жүктілік кезінде салынған вакциналар нәрестелердің ДНҚ-н өзгертеді және бұл ұрпақтан ұрпаққа беріледі»
Желіде жүктілік кезінде салынған COVID-19 қарсы вакциналар нәрестелердің ДНҚ-н өзгертеді және бұл ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, адамдарды дені сау ұрпақтың болу мүмкіндігінен айыратыны туралы хабарлама таратылуда. Мұның бәрі ғылымға қарсы және фактілерге қайшы келеді.
Шын мәнінде, COVID-19 қарсы вакцинацияның жүкті және бала емізетін әйелдерге әсері мұқият зерттелді. АҚШ, Канада, Ұлыбритания және басқа елдерде ауқымды зерттеулер жүргізілді. Нәтижелер көрсеткендей, COVID-19 қарсы вакциналар ұрықта кемшіліктің, мерзімінен бұрын босанудың, жүктіліктің және басқа асқынулардың болу қаупін арттырмайды.
COVID-19 қарсы вакциналардың ДНҚ өзгерту қабілеті – вакцинацияға қарсы адамдар ойлап тапқан миф. Ол ғылымға қарсы. Себебі, біріншіден, кейбір вакциналардағы мРНҚ ДНҚ-ға енбейді, екіншіден, вакциналардың ешқандай компоненттері ДНҚ сақталатын жасуша ядросына енбейді.
Құрсақтағы баланың ДНҚ өзгеруіне келетін болсақ, вакциналар оны да өзгерте алмайды. Өйткені, бала плацентамен қорғалған, ол вирусты да, вакцинаның компоненттерін де өткізбейді.
Алайда, зерттеулер вакцинациядан кейін ананың ағзасында қалыптасқан вирустың антиденелері балаға берілетіні және өмірдің алғашқы апталарында оны инфекциядан қорғайтындығын дәлелдейді.
Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, COVID-19 қарсы вакциналар ананың да, құрсақтағы баланың да ДНҚ-н өзгертпейді деп айтуға жеткілікті ғылыми зерттеулер мен материалдар бар деп қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар вакциналар жүктілік кезінде немесе одан кейін ұрықта ауытқулар, мерзімінен бұрын босану және басқа асқынулардың болу қаупін арттырмайды. Демек, таратылған хабарлама фейк болып табылады.