Фейк: «Салқын тисе, ішекте нейротоксиндер шығаратын саңырауқұлақтар өседі»
Қазнеттің қолданушылары Telegram-чаттарда бас ауруының ерекше себебі туралы жазуда. Ол ішекте өсіп, нейротоксиндер шығаратын саңырауқұлақтардан болады екен. Бұл өтірік.
Саңырауқұлақ инфекциясы адамзатқа бұрыннан белгілі және жақсы зерттелген. Candida тектес ашытқы саңырауқұлақтары көбейіп, ауыз, жыныс мүшелерінің және ішектің шырышты қабаттарында болады.
Алайда, олардың пайда болуы салқын тиюмен байланысты емес. Ішек кандидозы ішектің қабынуы, қант диабеті, протон сорғысының ингибиторын қолдану, антибиотиктермен, стероидтермен және иммуносупрессивті препараттармен емдеу нәтижесінде болуы мүмкін.
Candida саңырауқұлақтары нейротоксиндер шығармайды. Нейротоксиндер – бұл шығу тегі табиғи және жасанды болуы мүмкін у. Мысалы, олар ара уынан табылды. Нейротоксинмен зақымданудың ең көп таралған әсері – паралич.
Паралич ішек кандидозының симптомы емес. Бұл инфекцияға диарея, іш ауруы, шаршау, дене температурасының көтерілуі және сирек жағдайларда қанды нәжіс сияқты белгілеер тән.
Жалпы, салқын тию ішекте нейротоксиндер шығаратын саңырауқұлақтардың көбеюіне әкелуі мүмкін деген теория – ғылымға қарсы және негізсіз. Оған сенудің қажеті жоқ.