Fake News

Дәлелсіз: «Қозғалысқа шектеулер қойылып, халықтың бақыланатыны 1969 жылы болжанған»

Пайдаланушылар Желіде 1969 жылы жасалған болжаммен бөлісуде. Хабарламада доктор Ричард Дэй АҚШ-та Питтсбургте педиатрлар конференциясында болашақта әлем бойынша қозғалыс шектеліп, ел үкіметтері тууды және онымен байланысты барлық нәрсені басқаруға мәжбүр болады деп мәлімдегені жазылған. Бұған дәлел жоқ.

Педиатр Ричард Лоуренс Дэй танымал дәрігер және ғалым болған. Ол бүгінде шала туылған нәрестелерді күтуге мүмкіндік беретін бірқатар маңызды жаңалықтарды ашқан.
Ол 1905 жылы дүниеге келген, ғылыми, медициналық және оқытушылық қызметпен айналысқан. Әр уақытта Planned Parenthood ата-аналарды жоспарлау ұйымының медициналық директоры, Питтсбург университетінің педиатрия кафедрасының профессоры және меңгерушісі; Бруклиндегі Даунстейт Медициналық мектебінің педиатрия кафедрасының профессоры және меңгерушісі және Колумбия университетінің дәрігерлер мен хирургтар колледжінің доценті қызметтерін атқарған.
Алайда, осындай болжам жасаған 1969 жылы ол барлық аталған өкілеттіктерден бас тартып, 1971 жылы зейнетке шығуға дайындалып жатқан. 
Оның еңбектерінде болашақта әлем бойынша саяхаттар шектеуледі, ал тууды мемлекет мәжбүрлеп бақылайды деген тезистер кездеспейді. Оның бүкіл мансабындағы жарияланымдардың толық жинағы Йель университетінің мұрағатында баршаға қол жетімді. 
Сонымен қатар өмірбаяндарда да, қазанамаларда да, ол туралы беделді дереккөздерде жарияланған мақалаларда да доктор Дэй болашақ туралы сөз сөйледі деген 1969 жылғы 20 наурыздағы конференция туралы ештеңе айтылмаған.
Бұл конференция туралы алғашқы 2013 жылы шыққан «Варварлардың жаңа тәртібі» кітабында жазылған.
Дәрігердің болжамы жарияланған сайттардың барлығы әртүрлі мағынадағы қастандық теорияларына арналған, яғни олар сенімсіз ақпарат көзі болып табылады.
Оның сөзінің транскрипциясы жарияланған сайттар да беделді жаңалықтар немесе ақпарат порталдары емес, сондай-ақ бұл сөзді шынымен доктор Ричард Дэйдің айтқанына ешқандай дәлел келтірмейді.
Доктор Дэйдің сөзі туралы таратылған ақпаратта оның Рокфеллердің инсайдері болғаны жазылған, алайда оның Рокфеллердің отбасымен таныс болғанына да нақты дәлелдер жоқ. 
Ал «болжамның» мағынасы жаңа әлемдік тәртіп пен біртұтас әлемдік үкімет туралы қастандық теориясына өте ұқсас. Сондай-ақ онда тууды толық бақылау және қарапайым азаматтарға қойылғантүрлі шектеулер туралы айтылады. Бұл теорияны фактчекерлер жоққа шығарды, өйткені оған ешқандай дәлелдер табылмады.

Фейк: «БҰҰ барлық мемлекеттердің егемендігін, жеке меншікті және ата-аналардың бала тәрбиелеу құқығын жоюды жоспарлап отыр»

Қорыта айтқанда, доктор Ричард Дэйдың болжамы хабарлама дәлелсіз. Оның 1969 жылғы 20 наурыздағы конференцияға қатысуы, жалпы осы іс-шара туралы бірде-бір ресми және сенімді дереккөзде жазылмаған. Ричард Дэйдің ғылыми еңбектерінде қозғалысты шектеу және тууды толығымен мәжбүрлеп бақылау туралы тезистер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button