Fake News

Иттердің балаға шапқаны көрсетілген видео басқа елде түсірілген

Әлеуметтік желілерде сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған  видеомен бөлісуде. Кадрларда Ақтөбеде иесіз иттердің қызға шапқан кезі көрсетілген екен. Бұл жалған.

Шын мәнінде, бұл ескі  ролик және әр түрлі елдердің пайдаланушылары оны біраз уақыттан бері таратып келеді. Мысалы, осы жылдың қаңтарында видеоны Малайзия тұрғындары белсенді түрде таратқан. 

Видеоның Қазақстанда түсірілмегенін жануарларды қорғаушылар хабарлаған болатын. Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығының Instagram-дағы парақшасында жарияланған осы видеоның астында оның  Қытайда түсірілгені жазылған. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Ақтөбеде иесіз иттер балаға шапқан. Зардап шеккен қызға шұғыл қажетті медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Таратылған видеоның бұл оқиғаға  қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button