Фейк: «Ірі фармацевтикалық компаниялар адамның ДНҚ-ын патенттейді»
Қазақстандық қастандық теориясын жақтаушылар COVID-19-ға қарсы вакциналар адамның ДНҚ-ын өзгерте алады, ал бұл вакциналардың патенттері компанияларға тиесілі болғандықтан, егілген адамдардың өзгертілген ДНҚ-сы да осы компаниялардың меншігіне өтеді деп мәлімдеген доктор Чинда Брандолиноның видеосымен бөлісуде. Бұл өтірік.
Чинда Брандолино – аргентиналық вакцинацияға қарсы тұлға. Ол вакциналарды аутизммен және басқа да аурулардың дамуымен байланыстыратын бірнеше рет мәлімдеме жасады. Шын мәнінде, вакцинация мен аутизмнің байланысы туралы теория бір ғана жалған ғылыми мақалаға негізделген фейк.
Оның вакциналар адамдардың ДНҚ-ын өзгерте алатындығы туралы сөздері ғылымға мүлдем қарсы. Вакциналардың компоненттері ДНҚ сақталатын жасуша ядроларына ене алмайды, демек, онымен өзара әрекеттеспейді.
Патенттерге келетін болсақ, адамның ДНҚ-ын патенттеу мүмкін емес, өйткені оны адам жаратпаған.
Патент тек адамның қолымен жасалған нәрсеге ғана беріледі. Егер гендер туралы айтатын болсақ, онда зияткерлік меншік құқығы тек зертханалық жағдайда ғана шығарылған гендерге беріледі.
Чинда Брандолино айтқан Myriad Genetics, Inc-ке қарсы Молекулалық патология қауымдастығының ісінде нақ осы туралы айтылады, тірі адамдардың өзгерген гендерін патенттеуге болатыны жайлы емес.
Бұл сандырақ, егер бұл шындық болса, онда гендік терапия әдістерімен ем алған адамдар патенттелген болар еді. Бүгінгі таңда клиникалық зерттеулер аясында гендік терапия әдістері гемофилияны, соқырлық пигменттік ретиниттен туындаған лейкемияны және ауыр аралас иммун тапшылығын емдеуде үміт күттіррлік нәтижелер көрсетуде.
Брандолиноның вакциналар ерлерде бедеулік тудырады және иммундау – бұл адамзаттың жойылып кету жолы деген тұжырымдары да негізсіз. COVID-19 қарсы вакциналардың ерлердің жыныс жасушаларына әсері бірнеше клиникалық зерттеулер барысында зерттелді. Олардың ешқайсысы препараттар қандай да бір жолмен олардың санын немесе сапасын төмендететінін растаған жоқ.
Қорыта айтқанда, Қазнетте тараған видео Ғаламторда терістелген фейктерге негізделген жалған және ғылымға қарсы пікірлерден тұрады.