Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардан балалар арасында гепатит өршіді»

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакциналар кейбір елдерде балалар арасында гепатиттің өршуіне себеп болды деген ақпарат таратылуда. Бұл жағдайды талдап, вакциналардың ауруға қатысы бар ма екенін түсіндірейік. 

Балалар арасында белгісіз гепатиттің өршуі АҚШ, Ұлыбритания және Еуропаның кейбір елдерінде тіркелді. Науқастардың басым бөлігі 10 жасқа дейінгі балалар, ал кейбіреулері әлі беске де толмаған. 

Әзірге ғалымдар аурудың нақты себебін анықтаған жоқ. Алайда, қазіргі теорияларда бірден бірнеше нұсқа ұсынылып отыр. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, ауру бауырдың жұмысына әсер еткен COVID-19-бен аурудың салдарынан туындаған. Басқаларының пікірінше, бұған дұрыс тамақтанбау және балалар арасындағы семіздік себеп. 

Шотландияда жүргізілген зерттеу ауру ошағы 41 типті аденовирустан туындауы ықтимал екенін көрсетті. Ол науқас балалардан алынған биоматериал үлгілерінің көбінен табылған. 

Науқастардың бәрі бірдей егілмегендіктен, COVID-19 қарсы вакциналар балалар арасында гепатиттің өршуіне себеп бола алмайды. Өйткені, бес жасқа дейінгі балаларға арналған COVID-19 қарсы вакциналар әлі мақұлданған жоқ. 

КВИ қарсы вакцина бес жастан асқан балалар ғана жасалады. Бірақ мақұлдамас бұрын барлық препараттар клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті, олардың барысында вакцинация нәтижесінде гепатитпен ауыру жағдайлары болған жоқ.

Демек, кейбір елдерде балалар арасында гепатиттің өршуіне COVID-19-ға қарсы вакциналар себеп болды деген ақпарат – фейк. Ғалымдар жаппай аурудың себебін әлі күнге дейін анықтап жатыр. Ауырған балалардың бәрі бірдей егілмегендіктен оның себебі вакцина бола алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button