Fake News

Дәлелсіз: «Ғалымдар COVID-19 қарсы вакциналарында чиптердің бар екенін дәлелдеді»

Қазнет қолданушылары танымал белсенді және вакцинацияға қарсы Рикардо Дельгадоның сөйлеген сөзінің видеосымен бөлісуде. Оның айтуынша, белгілі бір ғалымдар тобы 20 000 сағат бойы COVID-19-ға қарсы мРНК вакциналарын зерттеп, оларда 5G сигналдарын қабылдайтын графен оксидінен қалыптасқан микрочиптердің бар екендігіне бұлтартпайтын дәлелдер тапқан. Мұның бәрі өтірік. 

Рикардо Дельгадо бұған дейін де осындай негізсіз мәлімдемелер жасаған. Ол Желіде COVID-19-ға қарсы вакциналарда гарфеннің барын дәлелдейтін ғылыми зерттеу жұмысын таратқан. Кейіннен ғалымдар мен фактчекерлер бұл жұмыстың толықтай қанағаттанғысыз екенін және онда келтірілген деректердің бұрмаланғанын атап көрсетті.

Желіде КВИ қарсы вакциналарда графеннің боулының «дәлелдерін» таратуда

 

Сонда да Дельгадо вакциналардың қауіптілігі мен оларда кейбір құпия ингредиенттердің бар екендігіне дәлелдер іздеуін тоқтатпады. Бұл жолы ол 5G сигналдарына жауап беретін өздігінен пайда болатын жүйелер мен роутерлер тапқан екен. Алайда, өз сөзін растау үшін микроскоппен түсірілген тұз кристалдарына ұқсайтын шығу тегі белгісіз заттар бейнеленген түсініксіз суреттерді ғана ұсынады. 

Сонымен қатар, 5G сигналдарын қабылдап, тарата алатын қандай да болмасын құрылғыны көзге көрінбейтіндей етіп вакцина құтыларына салу мүмкін емес деп біз бұған дейін жазған болатынбыз. Мәселе мынада, кез келген сигналды қабылдау және тарату үшін толқын ұзындығына еселенген антенна. Ал 5G келсек, ол үшін 7.1 мм антенна керек. Вакцинасы бар бір ампулада препараттың он дозасы болуы мүмкін екенін ескерсек, онда мұндай антенна бірнешеу болуы тиіс, сондай-ақ, оларды әрбір реципиентке тек біреуін ғана салу қажет. Әрине,  бұл мүмкін емес.

Сонымен қатар, Pfizer-BioNTech және Moderna шығарған препараттар – мРНҚ вакциналарының құрамы COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация басталғаннан бері көпшілікке қол жетімді екенін атап өткен жөн.  Олар ғылыми қауымдастық өкілдері тарапынан мүлдем түзетілген жоқ және наразылық болмаған.

Бүгінгі таңда әлем бойынша КВИ-ге қарсы бес миллиардқа жуық адам егілгені де маңызды. Олардың ешқайсысының ағзасынан нанороботтар, графен немесе роутерлер табылмады. 5G толқындарының әсерінен мінез-құлықтың өзгеруі туралы да хабарланған жоқ.

Рикардо Дельгадо өз сөзінде вакцинацияланған адамдар металл заттарды денесіне тарту қабілетіне ие болады және оларға Bluetooth технологиясын қолдайтын құрылғылардың көмегімен оқуға болатын МАС-мекен жайлар беріледі деп те мәлімдеген. Бұл ескі және бұрын анықталған фейк. Адамдардың заттарды «магниттей» тартатыны туралы видеолар оның терісінің қасиеттерімен және магнит-адамдардың заттар түсіп қалмайтындай қалыпта әдейі тұратынымен байланысты, олар көбінесе заттар жай жататындай етіп тұрады.

Фейк:«Вакцинамен бірге енгізілген чипке магнит тартылады»

 

Егілген адамдарға МАС-мекен жайлар берілетіндігі туралы теориялар да конспирологиялық болып табылады және оны қазіргі заманда көбінде Bluetooth арқылы жұмыс істейтін және MAC-мекен жайлары бар ақылды сағаттар немесе сымсыз құлақаспаптар бар екендігімен түсіндіруге болады.

Фейк: «Вакцинацияланған адамдар Bluetooth-ға қосыла алады»

 

Демек, таратылған видео толығымен дәлелсіз және вакцинацияның қауіптілігі туралы жалған идеяны алға жылжытуға бағытталған қастандық теорияларының жиынтығы болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button