Fake News

Фейк: «Маймыл шешек ауруының өршуі – бұл COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсерлерін жасыру»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде бүгінде бірнеше елде тіркелген маймыл шешек ауруының өршуі шын ауру емес, COVID-19-ға қарсы вакциналардың жанама әсерлерін жасыру деп жазуда. Бұл теорияны талдап, оның неге дұрыс емес екенін түсіндірейік.

Вакцинацияға қарсы адамдар өз идеяларының дәлелі ретінде Pfizer/BioNTech шығарған COVID-19 қарсы вакцинаның жанама әсерлерінің тізімінде күлдіреудің пайда болуына әкелетін аутоиммунды аурулар бар екенін келтіреді. Маймыл шешек ауруы кезінде теріде күлдіреу пайда болғандықтан, коспирологияны жақтаушылар бұл екі індет бірдей деген қорытынды жасаған. Теорияны талдап шығайық. Күлдіреудің пайда болуына әкелетін аутоиммунды аурулар тобына буллезді пемфигоид, герпитиформды дерматит, қарапайым пемфигус және басқалар жатады. Осы аурулардың қайсысы болмасын, терідегі күлдіреулер көп болуы мүмкін және олар ұзақ уақытқа сақталады.

Pfizer/BioNTech вакцинасымен егілгендердің арасында буллез пемфигоид ауруы болды. Бұл жанама әсер өте сирек болады және егде жастағы пациенттер арасында кездеседі. Мысалы, Желіде аурудың 78 және 75 жастағы екі ер адамда анықталғаны туралы айтылады.

Екі жағдайда да пациенттер тез емделіп, кейіннен ешқандай асқынулар болмағанын атап өткен жөн. Алайда, буллезді пемфигоид пен маймыл шешек ауруының даму себептері, белгілері мен ағымы айтарлықтай өзгеше. Буллезді пемфигоид жағдайында күлдіреулер кейде ғана болады, ал пайда болғанның өзінде ауру басталғаннан кейін бірнеше апта өткен соң үлкейіп, денеде бірнеше ай, тіпті жылдар бойы сақталуы мүмкін.

Маймыл шешек ауруында күлдіреулер алғашқы белгілер байқалғаннан кейін 1-5 күннен кейін шығады. Сырттай олар желшешек күлбіреулеріне ұқсайды: кішкентай, мөлдір сұйықтықа толы, ал шамамен 2-4 аптадан кейін кетеді.

Сонымен қатар, буллез пемфигоид пен маймыл шешек ауруларының пайда болу себептері де әртүрлі. Бірінші жағдайда ауру иммундық жүйенің бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Екіншісінде – ортопоксвирустар тобына жататын маймылдардың шешек вирусын жұқтырудың нәтижесінде. COVID-19 қарсы вакцинада осы және басқа да өміршең вирустар жоқ.

Маймыл шешек ауруы дерт емес, жасыру деген теорияны маймыл шешек ауруының адамзатқа 1958 жылдан бері белгілі екендігі де, ауру ошақтарының эндемиялық емес елдерде де COVID–19 қарсы вакциналар әзірленгенге дейін 2003, 2018 және 2019 жылдары тіркелгені де жоққа шығарады.

Қорыта айтқанда, маймыл шешек ауруы Pfizer/BioNTech вакцинасының жанама әсерлерін жасыру деген пікір – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button