Фейк: «5G толқындары күзде және қыста күштірек, себебі көктемде және жазда ағаштар сәулеленуге байланысты қурайды»
Telegram-да «Бұл толқындар күзде және қыста күштірек болады – себебі көктемде және жазда ағаштар сәулеленудің әсерінен тез қурап қалады, адамдар да… індет емес, 5G сәулеленуі өлтіреді» деп жазылған сурет тарады. Бұл өтірік.
5G технологиялары 4G, Wi-Fi роутерлері, спутниктер, сондай-ақ басқа байланыс және мәліметтер тарату құрылғылары сияқты негізгі қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Деректер жыл мезгіліне қарамастан ұдайы беріліп отыратындықтан, бағаналардың жұмысы тек жіберілетін мәліметтер санымен ғана анықталады. Яғни, технология әрқашан бірдей 24 ГГц және одан жоғары диапазонда жұмыс істейді. Ұялы байланыстың бесінші буыны қоршаған ортаға да, адам денсаулығына да теріс әсер етпейді.
Фейк: «Қазақстанда адамдарды өлтіру үшін 5G бағаналары орнатылуда»
Сонымен қатар, 5G желілері вирустар, бактериялар немесе ауру тудыратын басқа патогендерді тарата алмайды.
Шын мәнінде 5G экологияға оң ықпалын тигізуі ықтимал. Мысалы, технология өнеркәсіптік салалардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетеді. Швецияның «Boliden» тау-кен компаниясы отын шығынын азайтты, осыған байланысты көмірқышқыл газының шығарындылары айтарлықтай кеміген. 5G – энергия үнемдейтін технология, ол бұрынғы құрылғыға қарағанда аз энергия тұтынады, бірақ қуатты, яғни деректерді беру жылдамдығы жоғары. Энергия тұтынуды азайту СО2 шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді, бұл ауа сапасына айтарлықтай әсер етеді.