Фейк: «Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін саусақ іздері және сырластық қатынас жағдайы туралы анықтама қажет»
Қазақстандық Telegram-арналарда балаларды мектепте бірінші сыныпқа қабылдау үшін бірқатар құжаттар топтамасымен бірге саусақ іздері және сырластық қатынас жағдайы туралы анықтама талап етілетіні туралы ақпарат тарады. Қазақстандық мектептерде мұндай талаптар жоқ.
ҚР БҒМ хабарлауынша, қазақстандық балаларды мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау үшін мұндай мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ.
– Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа беру үшін ата-аналар «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе қағаз тасымалдағышта 1 сәуірден 1 тамызға дейін мынадай құжаттарды ұсынады:
– ата-аналардың мектепке қабылдау туралы өтініші;
– баланың туу туралы куәлігі;
– денсаулық жағдайы туралы анықтама, №063у нысан;
– баланың денсаулық паспорты 026 / у-3;
– баланың фотосуреті 3х4 см (2 дана), – деп хабарлады ведомстводан.
Хабарламада мектепке бару үшін қажет ақпарат тізбесінде МӘС полисінің реквизиттері, ДЕСН (Дербес есепшоттың сақтандыру номірі) және өзге де деректер сияқты тармақтар көрсетілген. Қазақстандықтарда ондай ақпарат жоқ.
Демек, қазақстандық чаттарда таратылған ақпараттың біздің елге қатысы жоқ.