Fake News

Фейк: «Улы газ шығарындыларын бұлтпен жасырады»

Telegram арналарында ұшақтар шашатын улы химикаттарды бұлтпен жасыратыны туралы хабарламалар таратылуда. Теория ізі ерекше, үзік-үзік инверсиялық болып табылатын ұшақ түсірілген роликпен ұсынылған. Бұл қастандық теориясын растамайды, неге екенін түсіндіріп өтейік.

Химтрейлдер теориясы – ірі елді мекендерге ұшақтардан улы заттарды шашу жайлы ондаған жылдар бойы айтылып келеді. Қандай да болмасын дәлелдердің жоқтығына қарамастан, теория қазақстандықтар арасында кеңінен танымал болып қалуда.

2021 жылы танымал болған қастандық теориялары

Көбінесе ұшқан ұшақтың инверсиялық іздерін химтрейлдер деп ойлайды. Аспанда бұл іздің үзіліп, қайта пайда болатыны оны бұлтқа ұқсатпайды немесе оның адамдар үшін қауіпті заттардан тұратындығының белгісі емес.

Инверсиялық із – бұл ауада қозғалған ұшақтардың артынан атмосферада пайда болатын, конденсацияланған ылғалдан – тамшылар немесе мұз кристалдарынан тұратын, көзге көрінетін із. Оның пішіні, тығыздығы және көрінуі ауа температурасына, ондағы ылғалдылыққа, атмосфералық қысымға, ұшқан кеменің биіктігіне, оның маневрлері мен қозғалтқыштарына байланысты болады.

Инверсиялық із қисынды себептермен үзіліп кетеді. Өйткені, атмосферада ылғал мөлшері жоғары және төмен қабаттар біркелкі бөлінбеуі ықтимал. Мысалы, ылғалдылығы төмен қабат ылғалдың көп мөлшері бар екі қабаттың арасында «қысылып» қалуы мүмкін. Ұшып бара жатқан ұшақ биіктігін сәл өзгерте отырып, ылғал аз болған осы қабаттардың біріне түсіп, кесіп өтеді, сол кезде кеменің артындағы инверсиялық із үзіледі. 

Сондай-ақ, үзік-үзік инверсиялық іздің әсерін скайтайпинг процесінде байқауға болады. Бұл ауадағы жарнаманың бір түрі, онда ұшқан ұшақтар аспанда әріптер мен символдар қалыптастыратын іздерді әдейі қалдырады. Ол үшін бес немесе одан да көп шағын ұшақтар бір-біріне жақын ұшып, нақты тексерілген схемаға сәйкес аспанда белгілер қалдырады. Аспанда осындай жарнамаларды жасау процесін Желідегі видеолардан көруге болады.

Демек, үзік-үзік инверсиялық ізі бар ұшақтың видеосы қастандық теориясын мүлдем дәлелдемейді және қауіпті химиялық заттар шашудың іздері бұлтқа ұқсайтынын растамайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button