Фейк: «Қазақстандықтар байланыс қызметтеріне ақы төлеуге субсидия ала алады»
WhatsApp қолданушылары қазақстандықтар «Қазақтелеком»АҚ-дан байланыс қызметтерін төлеуге субсидия ала алатындығы туралы ақпаратпен бөлісуде. Ол үшін қорғалмаған сілтеме арқылы өтіп, бірнеше сұраққа жауап беру керек. Бұл фейк.
Пайдаланушыларға субсидия алу ұсынылған сайт «Қазақтелеком» АҚ-ның ресми порталы емес. Бұл қорғалмаған платформа, ол басқа алаяқтық сайттар сияқты жасалған.
Компанияның ресми сайтында сауалнамадан өткені үшін субсидиялар немесе ақшалай сыйақылар берілетіні туралы ақпарат жоқ. Мұндай хабарламалар «Қазақтелекомның» әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында да жоқ.
Компанияның Facebook-тегі парақшасында «Қазақтелеком» АҚ-ның мұндай сауалнамаларға ешқандай қатысы жоқ екендігі және субсидиялар немесе ақшалай сыйлықтар ұсынылған хабарламалар алаяқтардың ісі болып табылатыны туралы ескерту жарияланды.
Алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Сайтпен қорғалмаған байланыс пайдаланушылар қалдырған барлық ақпаратты көруге мүмкіндік береді. Бұл ретте алаяқтардың мақсаты – алдау арқылы жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталарының деректерін және басқа да жеке ақпаратты алу.
Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті