Fake News

Фейк: «Алматыда хайуанаттар бағында дүниеге келген қонжықты қызға шабуылдағаны үшін ұйықтатып тастауға тура келді»

Қазнетте жақында Алматының хайуанаттар бағында дүниеге келген Гималай қонжығын қызға шабуыл жасағаны үшін ұйықтатып тастағаны туралы ақпарат тарады. Жаңалыққа тіркелген видеода жәбірленуші қонжықты ұстап тұрғанда, әлгінің кенеттен оны иегінен тістеп алғаны көрсетілген. Шын мәнінде бұл ролик Қазақстанда түсірілмеген.

Қазнетте Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген қонжық көрсетілді деп ұсынылған видео 17 мамырда Грозныйда түсірілген. 
Видео жергілікті хайуанаттар бағында түсірілген, ал қыз қонжықты өз еркімен қолына алған. Жануар қатты тістеп алғандықтан, жәбірленуші ауруханаға жүгінген. Осыдан кейін ол полицияға арыз жазып, қонжықтың тұмылдырығы болмағанына шағымданған. Қазір төтенше жағдайлар жөніндегі тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Қонжықты ұйықтатып тастау мәселесі тұрған жоқ.
Бұл жағдайдың Алматы хайуанаттар бағындағы қонжыққа ешқандай қатысы жоқ. Ол қаңтар айында Ресейден былтыр әкелінген екі аюдан туған. Қонжық апанынан алғаш рет 17 мамырда шықты. Бұл оқиға видеоға түсіріліп, Алматы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Кадрларда Алматыда туған аюдың көлемі мен мен түсі Грозныйда қызды тістеп алған қонжыққа қарағанда өзгеше екендігі көрініп тұр.
Демек, қонжықтың қызға шабуылдағандықтан, оны ұйықтатып тастағаны туралы ақпарат жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button