Fake News

Жалған: «Фукусимадан» мұхитқа су төгудің салдарынан барлық тіршілік иелері жойылады»

2023 жылғы 24 тамызда Жапонияның «Фукусима» атом электр станциясы реакторды салқындату үшін пайдаланылған суды Тынық мұхитқа ағыза бастады. Қазнет қолданушыларының айтуынша, бұл мұхиттағы тіршілік иелеріне және қоршаған ортаға зиян тигізеді. Бұл олай емес? Неге екенін түсіндірейік.

Жапония апат болған «Фукусима-1» атом электр станциясында реакторларды салқындату үшін пайдаланылған суды Тынық мұхитына ағыза бастады.  Апат 2011 жылы орын алған, сол кезде реактор аққан сумен салқындатылған болатын.

Осыдан кейін сұйықтық мұқият сүзіліп, осы уақытқа дейін арнайы герметикалық резервуарларда сақталып келді, Мамандардың пікірінше, қазір сұйықтықты мұхитқа жіберуге болады. Сонымен қатар, суды ағызбас бұрын Токио электрэнергетикалық компаниясы (TEPCO) суды мұхитқа төгу барынша қауіпсіз болуы үшін фильтрден қайта өткізіліп, сынақтан өткізілетінін айтты.

Осы шараларға қарамастан, суда тритий атомдары – сутектің радиоактивті изотопы әлі де бар. Алайда, мамандардың айтуынша, судағы тритий мөлшері қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылады.

– Тритий қоршаған ортаның әдеттегі радиациялық фонының бөлігі ретінде табиғи түрде өндіріледі және жаңбыр немесе өзендер арқылы әлемдік мұхиттарға түседі. Ағызылатын судағы тритий мөлшері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз суға ұсынған мөлшерден жеті есе аз, – деді Окленд университеті Физика кафедрасының аға оқытушысы доктор Дэвид Крофчек.

Швециядағы Чалмерс технологиялық университетінің ядролық химия жөніндегі сарапшысы Марк Форман ВВС-ге «Фукусима-1» суын төгу мұхиттың радиоактивтілігін арттырмайтынын айтты. Оның сөзінше, Тынық мұхитынан ауланған теңіз өнімдерін үнемі жейтін адамдар да радиациядан зардап шекпейді.

«Фукусима-1» суын мұхитқа ағызуға қарсы шыққандар да бар, олардың пікірінше, бұл қауіпті. Алайда, қарсы шыққан адамдар да мұхиттағы тіршілік иелері толық жойылады және қоршаған ортаға зиян келтіріледі деп айтпайды.

Демек, таралған ақпарат жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button