Fake News

Фейк: «Адам тәрізді роботтар арамызда жүр»

Гиперреалистік андроид роботының «миын» құрастырып отырған адамның бейнеролигі әлеуметтік желілерді қолданушыларды алаңдатып отыр. Кейбіреулерінің пікірінше, мұндай роботтар біздің арамызда жүрен болар, ал шынайылық – бұл жалған. Бұл конспирология.


Шын мәнінде Қазнетте таратылған бейнеролик алғаш рет 2018 жылы NewScientist порталында жарияланды. Кадрларда инженерлік өнер командасының маманы Уилл Джексон гиперреалистік Фред роботын жасайды.

Фред – танымал «Жабайы Батыс әлемі» сериясының екінші маусымының шығуына арналған жарнамалық науқанның бір бөлігі. Шоуда өздерін тұлға ретінде сезіне бастайтын және соңында өзін жасаушыларға қарсы шығатын адам тәрізді роботтар мекендейтін заманауи ойын-сауық паркі туралы айтылады.
Жарнамалық науқан аясында роботты құрастырушылар Фредті пабтарға отырғызып, оған келушілермен «сөйлесуге» мүмкіндік берді. Ол ауа райы туралы сөйлесіп, адамдардың роботтардың көтерілісі туралы ойын және олардың «құрастырушылармен» кездесуге ниеті жайлы сұрады.
Желіде осы әңгімелечулердің видеолары бар. Кадрларда Фредтің мимикасы, іс-қимылдары мен позалары оның робот екенін бірден көрсетеді. Оны тірі адаммен шатастыру мүмкін емес. 

Айта кетейік, Фредті құрастырушылар, Engineered Arts компаниясы фильмдер, презентациялар, көпшілік іс-шаралар және басқа да іс-шараларға арналған роботтарды жасайды. Олар адамдарға еліктейтін және қоғамда өз бетінше өмір сүретін роботтарды құрастыру мақсатын көздемейді.
Осылайша, біздің арамызда роботтар жүр деген теория – конспирологиялық және ешқандай дәлелі жоқ. Бүгінгі таңда ғалымдар адамнан еш айырмашылығы жоқ андроид құрастыра алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button