Фейк: «Германияда ұшақтар ресми түрде қауіпті химикаттар шашады»
Қазнет пайдаланушылары Германияда ұшақтар ресми түрде қауіпті химикаттар шашатыны туралы жазуда. Сол арқылы ауа райы бақыланады және омикрон нұсқасы таратылады екен. Бұл өтірік.
Хабарламаға тіркелген видеода аспанда екі жағынан із қалдырып, төмен ұшып бара жатқан ұшақ көрсетілген. Шын мәнінде, бұл шашылған химиялық және қауіпті заттар емес, ұшақ ұшып кеткенге дейін қалыптасқан тұман.
Бұл видеоның толық нұсқасы және бұл оқиғаға дейін түрлі ракурстардан түсірілген жазбалар Желіде бар.
Бұл Польшада Жешув қаласында қонатын ANTONOV AN-225 ұшағы. Сол күні елді мекенде тұман болды, ауыр әуе кемесі оны «кесіп өтті», видеода нақ осы сәт көрсетілген.
Яғни, ұшақ ешқандай химикаттар шашпаған, ол тұман болғанда жерге қонған.
SARS-CoV-2 коронавирусының омикрон нұсқасы аспаннан шашады деген теориялар – конспирологиялық және ғылыми фактілерге қайшы келеді. Біз бұған дейін бұл теорияның «дәлелдерін» егжей-тегжейлі жоққа шығарған болатынбыз.