Fake News

Telegram-да вакциналар түріндегі биологиялық қару туралы ескі фейк таратылуда

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың бірінде қатысушылар ДДСҰ 1972 жылы вакцина түріндегі жаппай қырып-жоятын биологиялық қару әзірлегені туралы жазылған кітап бетінің фотосуретімен бөлісуде. Бұл жалған.


Дәл осы фейк Қазнетте 2021 жылы жазда тараған. Шындығында, фотосуреттің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоспарларына ешқандай қатысы жоқ. Суретте Татьяна Грачеваның «Құдай берген билік болмаса» атты кітабының беті көрсетілген. Онда құпия әлемдік үкімет, бірыңғай әлемдік валюта, Ватиканның КСРО-ға жасаған крест жорығы және вакцинация арқылы адамдарды чиптеу туралы айтылған. Біртұтас әлемдік үкімет, әлемдік валюта және т. б. идеялар Жаңа әлемдік тәртіп деп аталатын қастандық теориясынан алынғанын атап өткеніміз жөн. Мұндай идеялардың шынайылығына ешқандай дәлел жоқ. 
Татьяна Грачеваның осы және басқа кітаптары қастандық және антисемиттік идеяларды таратқаны үшін бірнеше рет сынға ұшыраған.
Сондай-ақ, Грачеваның өзі кітаптарында шығармаларда айтылған оқиғалар мен жоспарлардың ойдан шығарылмағанына, нақты екендігіне ешқандай дәлел келтірмейтінін атап өткен жөн.
Кітапта келтірілген сілтемелер Грачеваның сөздерін растамайды, керісінше оларға қайшы келеді. Мысалы, вакциналар түрінде биологиялық қару жасауға қатысты автор ДДСҰ-ның 1972 жылғы зерттеуіне сүйенеді. Бұл зерттеу Желіде бар және қол жетімді. Кез келген адам онда «қару» және «вакцина» деген сөздердің жоқтығына көз жеткізе алады. Бұл еңбек вирустық аурулардың жануарларға әсерін зерттеуге және осы бақылауларды адамдардағы ауруларды түсіну және емдеу үшін қолдануға арналған.
Татьяна Грачева өз кітабында жазған цитокиндік дауыл — бұл организмдегі қабыну реакциясы, онда қандағы цитокиндердің деңгейі күрт артады, бұл иммунитеттің өз ағзасының жасушалары мен тіндеріне шабуылына әкеледі.
Бұл құбылыс вакцинацияланбаған науқастарда жиі дамитын COVID-19 ауыр жағдайларында байқалады.
Демек, цитокиндік дауыл вакцинация салдары деп айту негізсіз және ғылымға қарсы.
Хабарламаның өзі фейк болып табылады және Жаңа әлемдік тәртіп туралы қастандық теориясы мен ғылыми деректермен манипуляциялауға негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button