Қазнетте «өмір жәрдемақысын» алу туралы бұрынғы фейк тарады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтарға «өмір жәрдемақын» алу ұсынылуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұндай төлемнің бар екенін жоққа шығарды.
Биыл қаңтар айының басында Қазнетте «өмір жәрдемақысын» ресімдеу ұсынылған ақпарат кеңінен таралды. Төлемді алу үшін хабарлама авторлары қорғалмаған интернет-ресурста орналасқан сауалнамадан өтуге шақырады. Біз бұл кибер алаяқтардың ісі екенін және Қазақстанда бұлай аталатын жәрдемақы жоқ екенін жазған болатынбыз.
Кейіннен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге көлемінде сыйақы төлей отырып, халыққа онлайн-сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.