Fake News

Фейк: «Тынық Донның» жаңа экранизациясында басты рөлдерді трансгендер мен қара нәсілді актер ойнайды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Netflix стримингтік платформасы «Тынық Дон» фильмінің ремейкін түсірді, онда басты рөлдерде қара нәсілді актер мен трансгендер ойнайтыны туралы хабарлама тарады. Бұл фейк.


Хабарламаға сәйкес, казак Григорий Мелеховты қара нәсілді актер Кишон Уайт, ал оның сүйіктісі Аксиньюді трансгендер Брайан Майкл сомдайды. Сондай-ақ мәтінде түсірілім Жаңа Зеландияда, «Хоббит» фильмі түсірілген жерде болғандығы жазылған.
Көбісі бұл «жаңалықты» шын деп қабылдады. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары «Тынық Донның» ремейкі Netflix-те шықты деп хабарлауда.
Алайда, стримингтік қызмет мұндай фильм шығармаған. 
«Жаңалықтың» өзі бастан-аяқ ойдан шығарылған. Оның бастапқы дереккөзі – That ‘ sNews сатиралық Telegram арнасы, оның сипаттамасында «бұл арнада жарияланған ақпарат әзіл және толығымен немесе ішінара ойдан шығарылған» делінген .
Демек, таралған хабарламаға сенбеу керек.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button